Шымкент қаласында жыл басынан «7-20-25» бағдарламасы бойынша екінші деңгейлі банктер арқылы нарықтан (13 364,1 млн. теңгеге) 972 азамат несиелендіру шарты бойынша тұрғын үймен қамтамасыз етілді.
Сонымен қатар, ағымдағы жылы жоспар бойынша пайдалануға берілетін кредиттік тұрғын үйлер саны 60 (3 824 пәтер) болады. Аталған үйлерді келесідей бағыттар бойынша сату жоспарлануда:
— «Шаңырақ 5-10-20» бағыты бойынша 27 үй, 1728 пәтер;
— «5-20-25» бағыты бойынша 18 үй, 1088 пәтер;
— «7-20-25» бағыты бойынша 15 үй, 1008 пәтер.
Бұдан бөлек, «2-10-20 Бақытты отбасы» бағыты бойынша өңірлер шеңберінде бөлінген лимитке сәйкес 589 азамат екінші нарықтан «Отбасы банк» арқылы несие рәсімдеп пәтермен қамту көзделіп отыр.
Жоспар бойынша аталған кредиттік үйлердің құрылысы аяқталған жағдайда, 4413 азаматты несие негізінде пәтермен қамту көзделуде..
Шымкент қаласында жыл басынан бері тұрғын үйді жекешелендіру бойынша электронды түрде 123 азамат құжат тапсырған. Оның ішінде 92 азаматтың өтініші қанағаттандырылып, пәтерлері жеке меншігіне өткізілді. Қалған азаматтар бойынша жекешелендіру жұмыстары жүргізілуде.
Жекешелендіріліп жатқан пәтерлер «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы қолданысқа енгізілгенге дейінгі баспаналар болып табылады.