Шымкент қаласында елорда күні мерекесіне орай «СК-Аймақ» ЖШС шкаф жиһазы өнімдері мен құрылымдары өндірісі іске қосылды.
Жобаның инвестиция көлемі — 500 млн теңге, онда 50 жұмыс орны құрылған. Кәсіпорын жобалаудан бастап дайын өнім шығаруға дейін толық технологиялық циклын жүзеге асырады.
Жобалық қуаттылығы жылына 7 000 жиһаз өнімдерін өндіруге мүмкіндік береді. Жобаға «тассай» индустриялық аймағынан 1,8 гектар жер бөлінген.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі