Шымкент сити шағына уданында «Дамдес отау» тұрғын үй кешені бой көтеруде.Мұнда он қабатты №1,6,7,8,9,10 тұрғын үй салынуда. Үйлерге тапсырыс беруші — “Shymkent” ӘКК”. 1,2,3 бөлмелі 420 пәтер бар. Ауданы 49-84 шаршы метр аралығында.
Жалпы 29 622 шаршы метрді құрайтын 6 тұрғын үй жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарланған.
Құрылыс жұмыстарының барысын көрген әкімдіктің арнайы топ өкілдері құрылыс қарқынын түсіріп алмай, жоспарға сәйкес сапалы үйлер салу қажеттігін айтты.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі