Қаладағы құрылыс нысандарының жұмыс барысын бақылаушы арнайы топ өкілдері Шымкент ситидегі жол құрылысының мәселелерімен танысты. Шағын ауданда 1,2,3,4,5,6,7 көшеде жол салынып жатыр. 1-көшеге ұзындығы 1538 метр 4 жолақты жол төселеді. Жыл соңында пайдалануға беріледі.
Ал, 2 және 3 көшенің құрылысы осы жазда аяқталады.
4,5,6,7 көшелер өткен жылы пайдалануға берілген. Алайда мұндағы өзекті мәселе — жолдың бойында мемлекеттік мұқтаждыққа қайтарылмаған жеке меншік жер телімдерінің орналасуы. Сондай-ақ, жобада қарастырылған №5 және №3 көшелерінің бойындағы 200 метр ара-қашықтықта тротуарлардың және ішкі жолдарға қоршаулар қойылған.
Арнайы топ мердігер мекемелерге құрылыс жұмыстарын сапалы жүргізу бойынша тапсырма берді.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі