Шымкент қаласының Абай ауданындағы «Металлург» стадионын қайта құру және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. 1980 жылы пайдалануға берілген спорт кешенінің тозығы жеткен болатын.
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов аталған нысанның құрылыс барысын аралап көрді. Біраздан бері жоспарда жүрген қайта қалпына келтіру «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында өткен жылдың мамыр айында қолға алынған.
Мердігер мекеме — «Югстройсервис-Н» ЖШС-ы. Қазіргі таңда құрылыс-монтаждау жұмыстары бойынша спортшылар үйінде қабат аралық жабын – 50%, 1504 орынға арналған трибуна металлды құрылым монтаждау – 80%, спортзал жер жұмыстары – 40 пайызға орындалды.
Қала әкімі жұмыстың барлық кезеңінде сапаны басты назарда ұстау керектігін атап өтті.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі