«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы бүгінде еліміздің барлық саласын толықтай дерлік қамтыды. Бұл жүйе тұрғын үй бағытында да кеңінен қолданылып келеді. Қазіргі таңда арнайы жалдамалы баспанамен қамтылған пәтер иелері үшін ай сайынғы пәтерақыны «Қазпошта» немесе екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары арқылы төлем жасау мүмкіндігі қарастырылған.
Статистикалық мәліметтерге сүйенсек,соңғы жылдары Шымкент қаласында жалдамалы баспананың пәтер ақысын Kaspi қосымшасы арқылы төлем жасайтындар қатары едәуір артқан. Пәтер иелеріне ешқайда бармай-ақ «каspі.kz» мобильді қосымшасын жүктей отырып, төлем сервисіне кіру арқылы тиісті ақпаратты енгізіп, төлем жасау әлдеқайда тиімді болып отыр.
Қалада мұндай төлемді енгізуге міндеттілер саны- 6456. Жалға алған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін пәтер иелеріне әр айдың 5-не дейін төлем төленбеген жағдайда өсімпұл жүріп отырады.
Хабарламалық ескерту хат жолданғаннан кейін де тұрғындар тарапынан төлем жасау әрекеті болмаған жағдайда пәтер иелерінің банктік шоттарына бұғаттау қою туралы құжаттар тиісті мекемелерге жолданып, сотқа шағымдану арқылы пәтерді босату жөнінде талап арыз түсірілетіндігі хабарланады.