Шымкентте төрт жылда 303 көше жарықтандырылатын болады. Сонымен қоса ескірген 5 182 жарықшам мен тозығы жеткен 1 929 бағана ауыстырылады. Жаяу жүргіншілер аймағына 2000 дана қосымша шамдар орнатылады. 182 шақырымдағы әуе желісі кабельдік желілерге ауыстырылады. Және де 327 дана сыртқы жарықтандыру басқару жәшігі жаңғыртылады. Жалпы Шымкент қаласы бойынша орталық маңызы бар 747 көшенің 220 көшесі жарықтандырылған. Халық игілігі үшін 2020 жылы 43 көше яғни 87 шақырылым жарықтандырылып, қамту көрсеткіші 25,5 %-дан 29,5 %-ға өсті.
Сонымен қатар, ГЧП аясында 2021–2023 жылдары 303 көшені жарықтандыру жоспарланып отыр. Нәтижесінде жарықтандыру көрсеткіші 70 %-ға жететін болады. Құрылыс мерзімі — 2021-2023 жылдар аралығын қамтиды. Ал күтіп ұстау мерзімі 2021-2027 жылдар аралығында өтедщі. Жалпы жоба бойынша күтілетін нәтижелер: Энергия үнемдейтін LED шамдарына ауыстыру – 100%, Тозған бағаналарды жаңасына ауыстыру–100%, Диспетчерлік орталық құру арқылы бір орталықтан басқару.