Шымкент қаласында қаңғыбас ит-мысықтар аулап, оларды оқшаулау жұмыстары белсенді түрде атқарылуда. Қалада құтыру ауруын алдын алу мақсатында жыл басынан бері тұрғындар тарапынан түскен 1103 өтінішке сәйкес, 9 650 бас қаңғыбас ит-мысықтар (9 566 ит, 84 мысық) ауланып, уақытша ұстау орталығына жеткізілген.
— Бұл қаңғыбас ит-мысықтарды аулау жыл соңына дейін жоспарға сәйкес жүргілетін болады. Қазір қалаға қарасты 4 ауданда жұмыстармызды тұрақты түрде жүргізіліп отырлады. Тұрғындардан түсетін арыздар бойынша бізде шұғыл түрде жұмыс жасалып, қаңғыбас ит-мысықтар аулануда. Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары сіздерден аталған үй жануарларын қараусыз қалдырмауды сұраймыз! – дейді Шымкент қаласы ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы ветеринария бөлімінің басшысы М. Ержігітов.
Айта кетейік өткен жылы қаңғыбас ит-мысықтарды аулап жоюға бюджеттен 130,8 млн. теңге қаржы бөлініп, ит-мысықтарды аулау бригадасы жалпы 40 мың басқа жуық ит-мысықтарды аулап-жойды.
2021 жылы да қала аумағындағы 40 мың бас қаңғыбас ит-мысықтарды аулау жоспарлануда.