Баспана кезегінде тұрмайтын азаматтар да жергілікті атқарушы орган салатын үйлердегі баспананы жеңілдетілген бағамен ала алады. Ол үшін «Отбасы банкте» депозит ашып, нарықта шығарылған баспана туралы жаңалықтардан хабардар болғаны жөн.
– Биылғы шілде-тамыз айларында мемлекеттік бағдарлама бойынша салынған баспаналар туралы салымшыларға арналған хабарлама жарияланады. Ол үшін депозитте баспана бағасының кемінде 20 пайызындай жиналуы тиіс. Мемлекеттік бағдарлама бойынша баспананың 1 шаршы метрінің бағасы – 180 мың теңге. Сонда, мысалы, пәтердің жалпы ауданы 80 шаршы метр болса, салымшы 2 млн 880 мың жинауы тиіс. 1 бөлмелі пәтердің ауданы 40 шаршы метр болса, онда депозитіңізде 1 млн 440 мың теңге жиналуы керек. Мұнда конкурс балдық жүйемен өтеді. Ол депозиттің мерзіміне, салымшының қашаннан бастап жинай бастағанына және қазіргі таңда қанша қаржы бар екеніне байланысты», – дейді «Отбасы банк» АҚ Шымкент қалалық филиалының директоры Дәурен Саудабаев.
«Отбасы банк» тарапынан 2020 жыл соңында пайдалануға берілген 18 үйдің қалған 574 пәтері банк салымшыларына«5-20-25» несиелендіру шарттарымен рәсімделуде, оның ішінде қазіргі таңға 411 пәтер өз иесін тапқан, қалған азаматтар несие рәсімдеуде. Несие рәсімдеп пәтермен қамтылған 281азамат тұрғын үй кезегінде тіркелгендер. Ал «7-20-25» бағдарламасы бойынша жыл басынан екінші деңгейлі банктер тарапынан 815 азамат несиелендіріліп, тұрғын үймен қамтылған.