Шымкент қаласында «Қызылжар» шағын ауданында көшелерді орташа жөндеу және Құртаев көшесінде шұңқырларды жамау жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Қала әкімі М. Әйтенов №10 көшені орташа жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Ұзындығы 0,8 шақырым көшені жөндеу жұмыстарына жауапты – «АГАТ» ЖШС.
Одан бөлек, қазіргі таңда 0,4 шақырым Гаражная, 0,5 шақырым Ақтансай, 1,0 шақырым Жусанды көшелерінде құрылыс жүргізілуде. 2021 жылы жалпы ұзындығы 5 шақырым көше жөндеуден өтеді.
Қазіргі таңда Арыстанды, Сұлусай, Арқалык, №25 көшелеріне бюджеттен қаржы қаралған. Мамыр айының соңына дейін мердігерлер анықталады. Шағын ауданда жалпы жол ұзындығы – 57,9 шақырым. Асфальт жол — 34,3 шақырым, тас жол – 20,4 шақырым, топырақ жол – 3,2 шақырым.
Сонымен қатар, шағынауданға 10 бағыт бойынша қоғамдық көлік қатынайды.