Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, Шымкент қаласында қоғамдық көлік саласын дамыту, оны цифрландыру бағытында бірқатар жобалар қолға алынды. Солардың бірі — «IKOLIK» жобасы.
Замнауи жоба арқылы тұрғындар 567 қоғамдық көліктің (70 пайыз) қозғалыс бағытын бақылауға мүмкіндік алды. Бұл жолаушыларға уақытты тиімді пайдалануға септігін тигізіп отыр. Аталған қосымша осыған дейін «Play Mаркет» пайдаланушылары үшін ғана қолжетімді болған болса, енді «App Store» жүйесіне де енгізілді. «IKOLIK» жобасының негізгі мақсаты мемлекеттік «Цифрлы Қазақстан» жобасының жүзеге асуына ықпал ету. Сондай-ақ еліміздегі үшінші мегаполис саналатын Шымкент шаһарын халық өмір сүруге қолайлы қалаға айналдыру.
Айта кетейік, «IKOLIK» жобасы Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтың бастамасымен жүзеге асқан тиімді жобалардың бірі. Жобаның негізгі міндеті қоғамдық көліктің қызметін оңтайландыра отырып, халыққа қолжетімді ету.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі