«Ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік бағдарламалар, шағын және орта бизнесті дамыту». Осы тақырып аясында Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы Әл-Фараби ауданының тұрғындарымен кездесті.
Семинар кеңеске Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриялды инновациялық даму, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармаларының сала мамандары, сонымен бірге «Shymkent» ӘКК» АҚ, Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның өкілдері қатысты.
Бұл жиынның мақсаты-қаламызда ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік қолдауларды тиімді пайдалана отырып, шағын және орта бизнесті жандандыру, сонымен қатар халықты өзін-өзі жұмыспен қамту үшін арнайы мемлекеттік бағдарламаларды кеңінен насихаттау.
Жиын барысында сала мамандары аудан тұрғындарына:
— Ауыл шаруашылығы саласы бойынша мемлекеттік қолдаулар оның ішінде «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағдарламасы.
— «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы.
— «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы.
— «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламалары тақырыптарында арнайы презентациялық слайдттарын көрсетіп, кеңінен түсіндіріп өтті.
Бұдан бөлек, аудан тұрғындары өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, сәйкесінше сала мамандары тарапынан жауап ала алды. Және тұрғындарға арнайы мемлекеттік бағдарламалар туралы анықтамалық кітапшалар таратылды.