Бүгінде мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаулардың арқасында бірқатар шаруалар, кәсіпкерлер, тауар өндірушілер Шымкентте шағын және орта кәсіпкерлікті дамытып отырған жайы бар.
Осы орайда Шымкент қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының ұйымдастыруымен Жұмыспен қамту орталығының сала мамандары, «Shymkent» ӘКК» АҚ және «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ өкілдерінің қатысуымен «Ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік бағдарламар, шағын және орта бизнесті дамыту» тақырыбында Абай ауданы тұрғындарына семинар-кеңес өткізілді.
Айта өтейік, бұл жиынды өткізудегі мақсат-қаламызда ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік қолдауларды тиімді пайдалана отырып, шағын және орта бизнесті жандандыру, сонымен қатар халықты өзін-өзі жұмыспен қамту үшін арнайы мемлекеттік бағдарламаларды кеңінен насихаттау.
Жиын барысында сала мамандары аудан тұрғындарына белгілі бір кәсіпті ашу барысында қажетті ақпараттармен, атап айтқанда:
— Ауыл шаруашылығы саласы бойынша мемлекеттік қолдаулар.
— «Бизнестің жол картасы-2025».
— «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы.
— «Мен кәсіпкер боламын».
— «Қарапайым заттар экономикасы» сынды мелекеттік бағдарламалары бойынша арнайы презентациялық слайдттарын көрсетіп, кеңінен түсіндіріп өтті.
Сонымен бірге аудан тұрғындары өз пікірлерін айтып, қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандар тарапынан жауап ала алды. Бұдан бөлек арнайы мемлекеттік бағдарламалар туралы анықтамалық кітапшалар таратылды.