Елдің агроөнеркәсіп кешенін дамытуға баса көңіл бөлініп отыр. Шымкент қаласында агроөнеркәсіп кешенін дамыту мақсатында 2021-2025 жылдар аралығында 31 794 млн теңгені құрайтын 33 жобаны жүзеге асыру көзделуде.
Аталған жобалар ішінде өндірістік жылыжай кешендері — 10 жоба, қарқынды бау — 4 жоба, қайта өңдеу саласы — 4 жоба, мал бордақылау алаңдарын құру — 3 жоба, тауарлы сүт фермаларының өнімін арттыру мақсатында 4 жоба, жұмыртқа өндірісі және балық шаруашылығында 8 жоба жоспарланып отыр.
Бұл жобалар іске асқан жағдайда жаңадан 830 жұмыс орны ашылатын болады. Сонымен бірге қаладағы көкөніс өндіру көлемі — 35 мың тоннаға, қарқынды бау алаңы — 441 гектарға, қайта өңдеу саласы-27,4 мың тоннаға ұлғаяды.
Бұдан бөлек өндірілетін еттің көлемі — 5,4 мың тоннаға, сүттің көлемі – 8 мың тоннаға, жұмыртқа өндірісі — 15 млн данаға және бройлер құс еті — 500 тоннаға дейін ұлғайып, қалада өндірілетін балық өнімі — 100 тоннаны құрайтын болады.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі