Шымкент қаласындағы «Ақтас — 2» шағынауданындағы бау-бақшаның көлемін ұлғайту жұмыстары басталып кеткен. Рабат тас жолы бойында орналасқан алма бауының жалпы аумағы – 100 га. 4 түрлі алма сортынан 250 мың түп алма ағашы отырғызылған. 2020 жылы су тапшылығынан өнім беру көрсеткіші төмендеп, жаз мезгілінде 100 тонна, күз мезгілінде 8 тонна өнім жиналған.
Енді биыл алма ағаштарын бұтау және дәрілеу жұмыстарына қосымша қаржы бөлініп, жоспар бойынша ағымдағы жылы 500-1000 тонна көлемінде өнім алу жоспарланып отыр. Сонымен қатар, қосымша 12500 түп алма ағашын отырғызу жоспарда.
Жалпы осы атқарылған жұмыстар нәтижесінде және су тапшылығы толығымен шешілген жағдайда 100 гектардан 3000-5000 тоннаға дейін өнім алуға мүмкіндік бар.
Өз кезегінде Әл-Фараби ауданындағы кәсіпкерлік нысандарының жұмысын назарға алған Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов, бұл саланы дамыту бойынша жауаптыларға нақыт тапсырмалар берді.