Шымкентте биылғы жылы 8 тұрғын алабына газ құбырын тарту жұмыстары басталып, 5-еуінің құрылысы аяқталады. Нәтижесінде 11 мыңға жуық тұрғын газбен қамтылып, көрсеткіш 93 пайызға жететін болды.
Биылғы жылы Алтынтөбе, Бадам 195, Достық, Асар-2 және Азат тұрғын алаптарының құрылысы аяқталады. Бүгінде Алтынтөбеде газ құбырын тарту жұмыстары 90 пайызға орындалса, Асар-2 шағын ауданында жұмыстың 40 пайызы аяқталып отыр.
Жалпы қаладағы 81 елді мекеннің 40-ы табиғи газбен қамтылса, 33-і жартылай, ал қалған 8 елді мекен тұрғындарының көгілдір отынға қолы жетпей отыр. Қала тұрғындарын табиғи газбен қамту мақсатында 2021 — 2025 жылдарға арналған даму жоспарына сәйкес, елді мекендердің ішкі жүйелер құрылысын жүргізу жоспарлануда. 2023 жылы қалада газбен қамту көрсеткіші 100 пайызға жетеді.
Сонымен қатар, қалада №3 автоматты газ-реттегіш станциясының және 58 шақырымды құрайтын газ құбырының құрылысы салынуда.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі