Шымкент қаласының энергетика және коммуналдық шаруашылық саласында 2021 жылы жалпы 85 жобаны (48,6 млрд теңге) жүзеге асыру жоспарланған.
Соның ішінде ауыз сумен қамту көрсеткіші — 96 %. Биыл жалпы 25,6 мыңға жуық адамның ауыз суға қолы жетпек. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
I – тоқсанда бірқатар нысандарда құрылыс жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, ішкі ауыз су жүйелері құрылысы бойынша Тұран шағын ауданында – 86 пайыз, Асар-2 – 41 , Солтүстік саяжай – 35, Ынтымақ 2, Жаңатұрлан – 89 және Жаңаталапта – 87 пайыз жұмыстар аяқталды.
Сондай-ақ, магистралды үш нысан – Көмешбұлақ 4,48 шақырым (60 %), 9,37 шақырым және 10,61 шақырым суаққы құрылысы атқарылуда.
Шымкентте су тасу мәселесі түбегейлі шешіледі. Осылайша Шымкент қаласы Президент Қ.Тоқаев айтқандай тұрғындар өмір сүруге қолайлы шаһарға айналмақ.