Шымкент қаласы аумағындағы санитарлық — эпидемиологиялық жағдай әлі күрделеніп тұр. Өткен тәулікте 121 адам коронавирус жұқтырып отыр. Оның ішінде белгілері бар — 81, белгілері жоқ — 40. Індет жұқтырған 34 адам инфекциялық стационарға жатқызылса, 87 адам үй бақылауына алынды. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді
Денсаулық сақтау басқармасы Шымкент «қызыл аймақта» екенін және ковид жұқтырушылардың саны күннен күнге артып отырғанын айтуда. Сондықтан мамандар барлық қала тұрғындарынан санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып, барынша үйден шықпауға шақырады. Сондай-ақ, инфекцияға қарсы екпе алуға кеңес береді.
Айта кетейік, бір тәулік ішінде қалада 9462 адам вакцина алған. Бірінші компонентін 9215 адам алса, 247 адам екінші компонентін салдырған. Жалпы егу науқаны басталғалы барлығы 55 868 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 6742 адам вакцинаның екі компонентін алды.