Шымкент қаласы құрылыс басқармасының басшысы Ербол Ахметов 2021 жылы І тоқсанда атқарылған жұмыстар бойынша нәтижелерді баяндады.
Басқарма басшысының мәлімдеуінше, Шымкент қаласының құрылыс басқармасы тарапынан 2021 жылы бюджет есебінен жалпы 42,5 млрд теңгеге 112 нысанның құрылысы жоспарланған. Оның ішінде; тұрғын үй — 57 нысан (79 үй, 4832 пәтер, 281,1 мың шаршы метр), инженерлік инфрақұрылым нысандары – 15, білім беру – 11, абаттандыру нысаны – 2, мәдениет –2, төтенше жағдай – 1, спорт – 2 нысан. Аталған жобалар бойынша І тоқсанда игерілген қаржы көлемі – 4,6 млрд. теңге.
2021 жылы 1 млн шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған. Үш айдың есебі бойынша нақты пайдалануға берілген тұрғын үй ауданы – 97,6 мың шаршы метр. Оның ішінде: көпқабатты тұрғын үй – 82,9 мың шаршы метр, жеке тұрғын үй (ИЖС) – 14,7 мың шаршы метр.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі