Шымкент қаласында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын бақылайтын 22 мобильдік топ жұмыс атқаруда. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Қалада 5 сәуір күні 313 нысанға (кәсіпкерлік нысан – 303, жеке нысан – 10) тексеру жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде 11 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Сонымен қатар, 5 сәуір күні КВИ-дің 30 жағдайы тіркелді: 14 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 16 адам үй бақылауына алынды.
Қазіргі таңда мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 1380 орын бар (қалалық инфекциялық орталық – 560, Атамекен клиникасы – 500, «14 емдеу орталығы» — 320 орын). Төсек-орын толымдығы – 26 %. 1009 төсек-орын бос. Инфекциялық стационарда 371 науқас емделуде (5 ИВЛ, 4 НИВЛ).
Қала тұрғындарын санитарлық талаптарды орындауға, қоғамдық орындарда бетперде тағып жүруге шақырамыз.