Шымкент қаласында 28 наурызда КВИ-дің 45 жағдайы тіркелді (белгілері бар — 25, белгілері жоқ — 20). 25 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 20 адам үй бақылауына алынды. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Қазіргі таңға инфекциялық стационарларда барлығы 560 орын бар, оның ішінде 249-ы бос, карантиндік стационарлардағы барлық 500 орын бос. 305 046 ПТР зертханалық зерттеу жүргізілген. Оның ішінде бір күнде 1963 ПТР алынған.
Қала аумағында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына мониторинг жүргізетін 22 мобильдік топ жұмыс атқаруда. Олар өткен тәулікте 240 нысанға тексеру жұмыстарын жүргізді. Оның шінде 17 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Шымкент қаласының медицина мамандары карантин талаптарын қатаң сақтауға шақырады. Яғни қала тұрғындары қоғамдық орындар мен адам көп шоғыранатын жерлерде бетперде киіп, ара қашықтық сақтауы қажет.