Шымкент қалалық №2 аурухана мегаполистегі көпсалалы медициналық қызмет көрсететін бірегей мекеме. Ауруханада өткен жылы басталған күрделі жөндеу жұмыстары аяқталып, мамандар тұрғындарға жоғары медициналық қызмет көрсетуді бастады. Жаңа орталық пен бөлімшелер ашылып, заманауи құрал-жабдықтар және қондырғылармен қамтамасыз етілуде.
Соның бірі соңғы үлгідегі экспресс — класты бипланды Philips Azurion 7 В20/15 ангиографиялық аппараты мен өкпені жасанды желдету, цифрлы рентген сынды инсульт ауруын емдеуге қажетті аппараттар орнатылған.
–Жедел ми қан айналым бұзылысы — науқастар өлімі бойынша үшінші орын алса, халықтың мүгедек болып қалу қаупі бойынша бірінші орында. Инсульт алған үш науқастың біреуі қайтыс болады. Оның үстіне қазір инсульт жас таңдамайды.
Бұл аппараттың көмегімен адам ағзасындағы барлық мүшелердің тамырларына эндоваскулярлы (тамырішілік) оталар үлкен тіліксіз, теріні кішігірім тесу арқылы жасалады. Тіпті, кейде наркоздың да қажеті болмайды.
Ангиограф құрылғысы ірі артериялар ғана емес, ұсақ тамырларды көруге мүмкіндік береді. Сол себепті бас миы тамырларының патологиясы кезінде (инсульт пен т.б.) бауыр-бүйрек, қалқанша безі, кіші жамбас мүшелері және жүрек-тамыр аурулары кезінде кеңінен қолданылады.
Тағы бір артықшылығы – бас миы және мойын тамырларына операция жасау барысында болып жатқан құбылысты бір уақытта екі проекцияда көруге болады. Бұл дәрігерлерге операция кезінде жұмыстың сапасын бақылауға көмектеседі.
Инсульт алған науқасқа әрбір секунд қымбат. Мамандар үшін де әрбір секунд текке кетпеуі қажет. Осындай кезде ота үстелінде жатқан науқасты КТ аппаратына ары-бері тасымайды. Инсультке шалдыққан науқастарды операцияға дейін немесе кейін аппарат үстінде орнынан қозғамай мидың жағдайын анықтауға болады, — болады деді №2 қалалық аурухананың бас дәрігері Сарсен Пернебеков.