on7news.kz
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Жастар
  • Спорт
  • Руханият
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Жастар
  • Спорт
  • Руханият
  • Сұхбат
No Result
View All Result
on7news.kz
No Result
View All Result
Home Руханият

Шымкентте басталған «Наурыз» айтысының жүлде қоры 5 млн теңгені құрайды

19 марта, 2021
in Руханият
0
Шымкентте басталған «Наурыз» айтысының жүлде қоры 5 млн теңгені құрайды
0
SHARES
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкенттегі «Түркістан» сарайында Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесі аясында «Наурыз Гүл көктем, жыл басы» республикалық ақындар айтысы басталды. Қала әкімінің қолдауымен ұйымдастырылып отырған дүбірлі додаға еліміздің айтулы 16 ақыны қатысып отыр.

Бүгінгі жүйріктердің сөз сайысына Шымкент қаласынан Н.Есенқұлов, Қ.Білдәш, Қ.Абзалов қатысса, еліміздің бас қаласы Нұр-Сұлтаннан Р.Хайдаров, Е.Қайназаров, ал, Алматы қаласынан Ш.Сезімхан, Алматы облысынан Қ.Бердіхан, Қызылордадан М.Сұлтанхан, Қостанайдан А.Қалиев, Қарағандыдан Т.Жаманов, Ақтөбеден А.Керімбек, Шығыс Қазақстаннан А.Жеңісхазин, Түркістан облысынан Б.Шойбеков, Солтүстік Қазақстаннан А.Шұғатаев, Батыс Қазақстаннан Б.Шиірмедұлы сынды біртуар ақындарымыз келіп бақ сынауда.

Айтыс аламанында қазылар алқасының төрағасы- КСРО Халық әртісі, «Отан», «Құрмет», «Қазақстанның еңбек ері» ордендерінің иегері, қазақ руханиятының ардагері Асанәлі Әшімов болса, Қазақстанның Халық ақыны, Жамбыл Жабаев атындағы сыйлықтың және «Парасат» орденінің иегері Әселхан Қалыбекова, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, жазушы Мархабат Байғұт, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ақын, журналист, ҚР еңбегі сіңген қызметкері, «Алаш», «Парасат» ордендерінің иегері Ханбибі Есенқарақызы мен айтыскер ақындар Бауыржан Ергенұлы, Есжанова Маржан, Карима Оралова сынды азаматтар қазылық етуде.

Екі күнге жалғасатын ақындар айтысының жүлде қоры 5 млн теңгені құрайды. Мәселен, Бас жүлде иегеріне -2 млн. теңге болса, 1 орын -1 млн. теңгені құрайды. Ал екінші орын алған 2 ақынға  -500 мың теңгеден, 3 орын  алған екі  ақынға -300 мың теңге берілетін болады.

Түркістан сарайында барлық санитарлық нормалар сақталған. Көрермендер саны әр күні 100 адамнан аспайды.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Tags: 3 мегаполисЖүрсін ЕрманМұрат ӘйтеновНаурыз айтысшымкент
Previous Post

Шымкент қаласы әкімі аппаратының басшысы тағайындалды

Next Post

Шымкентте Наурыз мейрамы жаппай тойланбайды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Facebook Twitter Instagram Youtube

        On7news.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде on7news.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



old.on7news.kz сайт ескі нұсқасы

        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 04.03.2020 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік № KZ68VPY00020921 Электронды почта: on7news.kz@mail.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі