«Ұлтымыздың Ұлық мерекесін айшықты өткізейік!»
Ж.Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театры 2021 жылғы 14 — 23 аралығында тойланатын Наурыз мейрамының концепциясына сәйкес ҰЖЫМ АРАСЫНДА «Ұлтымыздың Ұлық мерекесін айшықты өткізейік!» атты байқау жариялады.
Байқау шарты.
Көрісу күнінен бастап ұлттық киіммен жүру.
Ұлттық киімдерімізді алдыңғы қатарға шығару мақсатында ұйымдастырылып отырған жоба ең әдемі және жарасымды киіммен жүрген әріптестер арасынан 4 номинация бойынша жүлдегерлер анықтап, марапаттайтын болады!
⚘1. Қарлы аяздан қаймықпастан, адамзатқа көктемнің келе жатқанын паш ететін, Әз-Наурыздың жаршысы «Наурызек» атындағы сыйлық.
⚘2. Ұлт мәйегінің ұйытқысы, дәстүріміздің жанашыры, қазақ киімінің әсемдігін паш еткен «Оқалы қамзол» сыйлығы
⚘3. Қайратын намысқа жаныған, қазақтың салтын сақтаған «Нар жігіт» сыйлығы.
⚘4. Көктемнің алғашқы әсемдігі «Бәйшешек» сыйлығы.
Қазылар алқасы: Батырбек Қабылбеков, Сая Қасымбек, Қымбат Молдиева, Ермек Байбақ. Қазылар алқасының төрағасы театрдың Бас суретшісі – Қалтөре Жұмақұлов
Барлықтарыңызды Ұлыстың Ұлы күні — Әз-Наурыз мейрамымен құттықтаймыз!