on7news.kz
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Жастар
  • Спорт
  • Руханият
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Жастар
  • Спорт
  • Руханият
  • Сұхбат
No Result
View All Result
on7news.kz
No Result
View All Result
Home Руханият

Мереке қарсаңында шымкенттік бүлдіршіндердің тұсауы кесілді

16 марта, 2021
in Руханият
0
Мереке қарсаңында шымкенттік бүлдіршіндердің тұсауы кесілді
0
SHARES
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы және Шымкент қаласының 2200 жылдық мерекесіне орай, ұлттық құндылықтарымызды жаңғырту мақсатында «Тұсауыңды кесейін, күрмеуіңді шешейін!» атты шара ұйымдастырылды. Шара барысында шымкенттік 1-3 жас аралығындағы ұл балалардың тұсауы кесіліп, салт-дәстүрге сай жөн-жоралғы жасалды.

Тұсаукесер – сәбидің өмір сапарының алды. Сәби еңбектенуден өтіп, тәй-тәй басып, алғашқы қадамдарын жасай бастаған кезде әр ата-ана «балам, тез жүріп кетсін» деген ниетпен келешегіне ақ жол тілеп, тұсауын кеседі.

Қазақ сәбидің тұсауын «көбейіп, көгере берсін» деп көк шөптен де есіп жасаса, «бай болсын, тоқ болсын» деген тілекпен малдың тоқ ішегінен де өрген. Бірақ көбіне «біреудің ала жібін аттамасын, өзгенің мал-мүлкіне, дүниесіне көз тікпесін, қол сұқпасын» деген тілекпен ақ пен қара жіпті айқастыра отырып, ала жіп дайындаған.

Тұсаукесер рәсімге елімізге танымал Нұрбол Сүлейменов, Сәбит Әбдірайымов, Мұхан Байбосын, Мырзабай Омар және Бекайдар имам, Қаратау ауданының бас имамы, «Жігіттер» квартетінің әншілері қатысты. Олар бүлдіршіндердің тұсауын кесіп, ақ тілектерін тіледі.

Балалардың қаз-қаз басқан қадамына шашу шашылды.

Айта кетейік, тұсаукесер рәсімі қайырымдылық бағытта өтті.

Кеш соңында «Көркем әжелер» ансамблі ән шашуын арнап, ақ бата тілектермен аяқталды.

 

Tags: 3 мегаполисМұрат Әйтеновтұсаукесершымкент
Previous Post

Шымкент: 472 маман "Жастар практикасы" арқылы жұмыс тапты

Next Post

Шымкентте коронавирустан 6 адам емделіп шықты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Facebook Twitter Instagram Youtube

        On7news.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде on7news.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



old.on7news.kz сайт ескі нұсқасы

        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 04.03.2020 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік № KZ68VPY00020921 Электронды почта: on7news.kz@mail.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі