«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жанар Бектаева партиялық жобаларды іске асыру және басқа да өзекті мәселелер бойынша Қаратау ауданына қарасты бастауыш партия ұйымдарына барды.
Бірінші болып Сайрам тұрғын алабындағы Қаратау ауданы партия филиалына қарасты «Сайрам-Өркениет» бастауыш партия ұйымымен кездесті. 1200ден астам мүшесі бар «Сайрам-Өркениет» БПҰ 2015 жылы құрылған. Төрайымы Сайрам мектеп интернатының директоры Жадыра Танатарова. Кездесу барысында «Кедергісіз келешек» партиялық жобасының іске асырылу барысы талқыланды.
Мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғамдық орындарда кедергісіз жүріп-тұруына жағдай жасап, оларды қоғамның толыққанды мүшесі ретінде сезінуін қаматамасыз ету және жұмыспен қамту – мемлекеттің негізгі мақсаты. Қаратау ауданында ерекше қажеттілігі бар адамдар саны – 8 565, оның ішінде балалар саны – 1495. Аудан аумағында әлеуметтік жағдайы төмен, аз қамтылған отбасыларға, жетім балалар үйіне және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға партия тарапынан, депутаттардың демеушілігімен қайрымдылық іс-шаралары тұрақты түрде өткізіліп келеді. Кездесу соныңда жоба аясында атқарылатын жұмыстар нақтыланып, алдағы жұмыстар бойынша ұсыныстар берілді.
Келесі кездесу мыңға жұық мүшесі бар «Исфиджап» бастауыш партия ұйымымен өтті. Бастауыш партия ұйымы тарапынан атқарылған жұмыстар талқыланып, «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы жөнінде сөз болды. Қаратау ауданында 31 Ұлы Отан Соғыс ардагері, 378 тыл ардагері бар. Өткен жылы Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 75 жылдығына арналған іс-шаралар бойынша Аудандық ардагерлер кеңесімен бірлесе аудан аумағында тұратын 10- Ұлы Отан соғысы ардагерлерін және 80 Тыл ардагерлерін «Ұлы Жеңіс» күні мерекесімен құттықталды. Сондай- ақ, Бастауыш партия ұйымының араласуымен 365 ардагерге «Жеңістің 75 жылдығына» арналған медальдар таратылды. Қарттар мен орай аудан аумағында тұратын 365 отбасыға демеушілер есебінен азық-түлік себептері тапсырылған.
— Партиялық жобалар жастарды патриоттық рухта тәрбиелеуге, әлеуметтік топтағы азаматтарды қолдауға, халықтың табысын арттыруға, әлеуметтік саланы жақсартуға, қаламыздың кешенді дамуына бағытталған. Біздің партия ұйымдарында бағдарлама аясында кешенді шаралар түзіліп, жаңа бастамалар сәтті іске асуда. Оларды сапалы орындау- барлығымыздың міндетіміз, — деді Жанар Әлібекқызы.
Кездесу соңында қатысушылар партияның сайлауалды бағдарламасы мен партиялық жобаларды жүзеге асыру үшін барлық бағыттағы атқарылып жатқан жұмыстарды жандандыру керектігі айтылды