Notice: Trying to get property of non-object in /var/www/vhosts/on7news.kz/httpdocs/wp-content/themes/папка (2)/class/ContentTag.php on line 45
Бұл туралы Әл-Фараби ауданының әкімі Ғ.Мәуленқұлов 2020 жылы атқарылған жұмыстар бойынша халық алдында есеп беру кездесуі кезінде мәлімдеді.
— Өткен жылы ауданда аз қамтылған көпбалалы 8100 отбасы мен 375 тыл ардагеріне азық-түліктей, 90 отбасыға отын және 30 отбасыға қаржылай көмек көрсетілді. Одан бөлек, «Nur Otan» партиясы тарапынан 1 реттік көмек «Біз біргеміз» акция аясында аз қамтылған көп балалы отбасыларға, І, ІІ топ мүмкіндігі шектеулі азаматтарға мүмкіндігі шектеулі бала қараушыларға, соғыс және тыл ардагерлеріне, асыраушысынан айырылған, ең төменгі зейнетақы алушыларға (24500 теңге дейінгі) жалпы аудан бойынша 8400 отбасыға 50 мың теңгеден қаржылай көмек берілді, — деді аудан әкімі.
Сонымен қатар, «Біз біргеміз» акциясы аясында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қол жетімді орта құру мақсатында, 15 бала-бақшаға және негізгі 22 көше бойларында орналасқан 817 нысандарға пандус орнатылды. Акция аясында «Еңбек, әлеуметтік қорғау департаментінің» қызметкерлерімен бірлесе, мүгедектердің құқығын шектегені үшін 6 нысанға ҚР ӘҚБтК-нің 83 бабына сәйкес, 6 хаттама толтырылып, 1,5 млн. теңге айыппұл салынып, толық өндірілді.
Айта кетейік, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолжетімді орта құру мақсатында 2021 жылға толық бейімдеуден өткізуге 29 жеке меншік нысанға пандус орнату жоспарлануда.
Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы
Фото: С. Қосай
Нравится
Комментировать
Поделиться