«Nur Otan» партиясынан Шымкент қалалық мәслихатқа үміткер Баходир Салимов «АМИР — А» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің еңбек ұжымымен кездесу өткізді. Кездесу барысында ұжымды партиямыздың бағдарламасындағы халықтың жағдайын жақсартуға және қаламыздың дамуына бағытталған негізгі 10 бағытымен толық таныстырды. Сондай-ақ, аталған бағыттар аясында алдағы 5 жыл көлемінде жүргізілетін жұмыстарды да атап өтті.
«Nur Otan» партиясы жаңа өндіріс орындарының ашылуына және лайықты жалақысы бар тұрақты жұмыс орындарының көбеюіне күш салады.
Партия — алдағы 5 жылда қаламыздың экономикалық әлеуетін жақсарту мақсатында инвестиция көлемі 118 млрд. теңгені құрайтын 23 кәсіпорын мен 62 жобаны жүзеге асырады.
Сонымен қатар көлік логистикалық және агроиндустриалды аймақтары іске қосылады. Тұрғындардың сапалы өмір сүруі үшін орташа жалақы 200 мың теңгеге дейін артатын болады.
Бес жылда Шетелдік инвесторлардың қатысуымен 2,5 млрд АҚШ долларын құрайтын 15 жоба іске асырылады. Нәтижесінде қаламызда 80 мың адам тұрақты жұмыспен қамтылады.
Кәсіпкерлікті қолдау мақсатында 236 инвестициялық жобаларды іске асыруға 45,3 млрд.теңге бөлініп, 9 мыңнан астам жұмыс орындары ашылады, оның 47 пайызы жұмыспен қамту органдары арқылы тіркеуге алынған азаматтар жолданатын болады. Нәтижесінде жұмыссыздық деңгейі 5 пайыздан 4,9 пайызға дейін төмендетуді жоспарлап отырмыз.
Кездесу барысында еңбек ұжымы тарапынан өздерінің көкейде жүрген сауалдары қойылды. Сұрақтар мен мәселелердің басым бөлігі: көлік кептелісі, пәтер мәселесі, коммуналды қызметтердің бағасының өсуі кәсіпкерлікті дамыту бойынша бағдарламалар жайында ақпараттың аздығы сынды мәселелері төңірегінде болды
-Халқымызда «үйі жоқтың күйі жоқ» деген аталы сөз бар. Сондықтан тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету мәселесіне партия ерекше мән беріп отыр. Алдағы 5 жылда 3 миллион шаршы метр баспана немесе 47 мың пәтер салынып, 3,5 мыңнан астам әлеуметтік әлсіз топтағы отбасылар баспанамен қамтылады, — деді үміткер.
«АМИР — А» ЖШС ұжымы «Nur Otan» партиясына сәттілік тілеп, өз қолдауларын білдірді . Себебі, «Nur Otan» – жалпыхалықтық қолдаудың арқасында алға қойылған мақсаттарға қол жеткізіп, мойнына алған міндеттерін толықтай орындап келе жатқан партия.
Бұл партияның алдағы уақытта атқаратын жұмыстардың бір бөлігі ғана! Партия бағдарламасында тұрғындардың лайықты өмір сүруі үшін барлық салалар қамтылып, күрмеуі қиын мәселелердің шешілу жолдары қарастырылған.
Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз.
«NUR ОTAN»-МЕН БІРГЕ НҰРЛЫ БОЛАШАҚҚА!
«NUR ОTAN» НАҚТЫ ІСТЕР ПАРТИЯСЫ!
«Nur Otan»-ға дауыс бер!
Шымкент қаласындағы «Nur Otan» партиясының сайлау қорының қаражатынан төленді.