Бүгін, Еңбекші ауданында ұйымдастырылған жиында ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың 2020 жылы қыркүйек айының 1-ші жұлдызында қазақстандықтарға «ЖАҢА ЖАҒДАЙДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН: ІС-ҚИМЫЛ КЕЗЕҢІ» атты Жолдауы талқыланды.
Жиынға зиялы қауым өкілдері, «Nur Otan» партиясы Еңбекші аудандық партиялық бақылау комиссиясының төрайымы мен мүшелері, бастауыш партия ұйымының төрағалары және жастар қатысты.
Күн тәртібінде Жолдауда ең өзекті болып табылатын әділетті мемлекет азаматтардың мүддесін қорғау жолындағы айтылған негізгі тапсырмалар баяндалды. Мемлекет басшысы өз Жолдауында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» – бұл, шын мәнісінде, «Әділетті мемлекет» құру тұжырымдамасы. Азаматтардың мәселелерін тыңдап, көріп қана қою жеткіліксіз. Ең бастысы – дұрыс және әділ шешім шығару қажет», — деп атап көрсеткен болатын. Бұл өз кезегінде демократиялық қағидалардың дамуының алғы шарттары болып табылады. Осыған орай, азаматтар мүддесіне қызмет ететін құқыққорғау саларының кәсіби деңгейін көтеріп, реформалар жасалынуы тиіс. Партияның да Саяси доктринасында көрсетілгендей, «Басты құндылық — адам»! Мемлекеттің қазынасы адам болғандықтан, әлеуметтік-экономикалық ахуалын жақсартып, лайықты өмір сүруіне жағдай жасалуы тиістілігі айтылып өтілді.