АҚШ ғалымдары супербактериялардың таралуына байланысты жаңа жаһандық қауіп туралы ескертті, -деп хабарлайды Oinet.kz.
Зерттеушілердің айтуынша, жыл сайын бүкіл әлем бойынша 700 мың адам бактериялардың ерекше төзімді түрлерінің құрбаны болады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДCҰ) 2050 жылға қарай зиянды микроорганизмдерді жұқтырған адамдардың саны 10 миллионға жетеді деп болжайды.
Ғалымдардың пікірінше, антибиотиктерді жиі қолданудың нәтижесінде көптеген бактериялық инфекциялар, соның ішінде гонорея, туберкулез және сальмонелла штамдары өте қиын, кейде емдеу мүмкін емес дәрежеге дейін жетеді.
Сан-Диегодағы Калифорния университетінің медицина профессоры Стеффани Стрэнди пандемия мен антибиотиктерді бақылаусыз қабылдау жағдайында әлем жаңа індетке тезірек тап болуы мүмкін екенін айтты. — «Бұл жаһандық дағдарыс және жағдай COVID салдарынан нашарлап барады», — деді ол.