«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының орынбасары Бахадыр Нарымбетов Қаратау ауданы бойынша праймеризге қатысушылармен кездесті. Кездесу барысында филиал төрағасының орынбасары Елбасының бастамасымен жүзеге асқан праймериздің сәтті өткендігін атап өтіп:-«Праймеризге қатысқан азаматтардың «Nur Otan» партиясы үшін қосқан үлесі жоғары. Қатысушылар бұл додадан тәжірибе жинады. Белсенді жастардың атқарып жатқан жұмыстары, алдарына қойған жоспар-талаптары мақтанарлық. Сіздер ел болашағы үшін қамданып, әрекет етушісіздер, — деп қатысушыларға алғыс айтты.Енбекші ауданы бойынша 10832 партия мүшесі бар. Оның 8959-ы праймериз кандидаттарына дауыс берген, бұл көрсеткіш 83% — ды құрайды. Аудан әкімі, «Nur Otan» партиясы филиалы төрағасы Ғалымжан Ильясов Еңбекші ауданы бойынша праймеризге қатысушылармен кездесу барысында барлық үміткерлердің сайлауалды бағдарламаларымен танысып шыққанын атап өтті.
— Ауданымызды өркендету жолында тың идеялар мен түйіткілді мәселелер қарастырылғанын білемін. Жария пікірсайыста да барлықтарыңыз өте жоғары деңгейде белсенділік таныттыңыздар. Жаңа тың бастамаларыңызбен ауданымыздың гүлденуіне атсалыса берулеріңізге тілектеспін!, — деп қалалық және аудандық филиал тарапынан алғысын білдірді.
Абай ауданы бойынша праймеризге қатысушылармен аудандық партия филиалы төрағасы Бұхарбай Пармановтың кездесуі концерттік бағдарламамен аяқталды. Партияішілік сайлауға қатысушы опера және балет театрының әншісі ҚР «Мәдениет қайраткері , «Ерен еңбегі үшін «медалінің иегері Оралхан Сейлбекова партияластарына ризашылығын әнмен білдірді.
Кездесу барысында праймеризге қатысушы кандидаттар бұл додада жинаған тәжиребелерімен бөлісіп, сайлаудың әділ өткендігін атап өтті.
-Партияішілік сайлау әділ өтті деп санаймын. Қатысушарлардың арасында жастар және қыз келіншектердің көп болуы мені қатты қуантты. Кім қанша дауыс жинағанынан қарамастан, бұл жерде жеңіліс болған жоқ деп ойлаймын. Барлық кандидаттар, әсіресе жастар көп тәжірбие жинады. Алдағы уақытта қаламыздың гулденуі, еліміздің дамуына аянбай қызмет жасайтын боламыз, — деді Шымкент қалалық жастар мәслихатының депутаты Жансері Суетов.
Кездесу соңында праймериз қатысушыларына қала әкімі, «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының алғыс хаттары табысталды.
Праймеризге Шымкент қаласынан жалпы 185 үміткер тіркелген болса, 151 кандидат доданың соңына дейін қатысты. Шымкентте 35 мыңнан астам партия мүшелері тіркелген, партиялықтардың басым бөлігі, яғни 80%-дан астамы primaries.kz сайтында онлайн түрде дауыс берген.
Праймериздің толық қортындысы, дауыс бергендер саны мен үміткерлердің рейтингі бойынша шешуші мәліметтер алдағы уақытта анықталады. Қазіргі таңда республикалық деңгейде нақтылау жұмыстары жүріп жатыр.