Шымкент қаласында «Қауіпсіз мектеп ортасы» республикалық акциясы болып өтті. Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте Шымкент қалалық білім басқармасының басшысы Жанат Тəжиева мəлімдеді.
-Акция шеңберінде мектеп инспекторлары кезекші сынып оқушыларымен жол қауіпсіздігі туралы сұхбат жүргізді. Ал, жоғары сынып оқушыларынан «Жол ережесін білесің бе?» тақырыбында онлайн режимде сауалнама алынып, тәрбие сағаты ұйымдастырылды, — деді Жанат Арысбекқызы.
Республика көлемінде өткен іс-шараның мақсаты — балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, балалардың қауіпсіздігі мәселесіне қоғамның назарын аудару.
Сондай-ақ, «Жол ережесін білейік, аман — есен жүрейік!» тақырыбында сурет байқауы да ұйымдастырылған. Байқауға қатысқан үміткерлер жол ережесі мен жол қауіпсіздігі туралы өз ойларын, қиялдарын қылқалам арқылы шебер жеткізе білген.
Шымкент қаласы әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше , жалпы акцияға қаладағы 147 мектептің 119540 оқушысы қатысқан.