«Nur Otan» партиясынан Шымкент қалалық мәслихатына кандидат
Бағдат Үйсінбайдың сайлауалды бағдарламасы
ЖАҢА ЗАМАНҒА – ЖАҢА ОЙ!
ЖАҢА ІСТЕРГЕ – ЖІГЕРЛІ ЖАС!
ЖАҢА ҚҰЛШЫНЫСТАРҒА – ЖАҢА ҚҰНДЫЛЫҚТАР!
Қадірлі жерлестер!
Шырайлы Шымкент тұрғындары!
«Жас келсе, іске!» деген. Жастық жігерді, жинақтаған тәжірибені, көкейдегі көп ойды, игі бастамалар мен инновациялық жобаларды іске асыруға, жұрт игілігіне айналдыруға «Nur Otan» жол ашып отыр. Халықтық партия халыққа жақындығын көрсетіп, елім деген азаматтарға, жалынды жастарға жаңа құлшыныс сыйлауда. Қапы қалмай, осы мүмкіндікті барынша пайдаланайын деп шештім.
Мақсат – атақ шығарып, атқа міну емес. Бар күш-жігерімді пайдалы іске асыру, ел игілігіне жұмсау. Түйген ойларым да, пісіп-жетілген идеяларым да, елге қалтқысыз қызмет етсем деген алғаусыз ақ ниетім де бар. Мемлекеттік қызметте де, қоғамдық-саяси өмірде де жинақтаған тәжірибем жетерлік.
Сүйенерім – халық, арқаларым – ата-баба аманаты, ұстанарым – адалдықтың ақ жолы, тірек етерім – еліміз бен партия сенімі.
Өзім — Шымкенттің тумасымын. Туған қаламды одан әрі өркендете түсуге үлес қосу үшін Шымкент қалалық мәслихаты депутаттығына үміткер болуға бел будым.
Шымкент – жастар қаласы. Қалада 11 университет, 37 колледж бар. Осында білім алып жүрген студент жастармен бірге жеке кәсіппен, түрлі салада еңбектеніп жүрген жұмысшы жастар да бір қауым. Оларды толғандыратын мәселелер де, атқарсам деген ойлары да жетерлік. Бұл мәселелермен жақсы таныспын. Сондықтан сайлауалды бағдарламамда негізінен жастарға, олардың әлеуетін ел игілігіне жұмылдыруға басымдық бермекпін.
«Nur Otan» партиясының Шымкент қаласын дамытуға арналған бес жылдық бағдарламасындағы бастамалар мен нақты нәтижеге негізделген істерді қолдаймын.
«Nur Otan» партиясының белсенді мүшесі ретінде қалалық мәслихат-тың депутаттығына сайланған болсам, сайлаушыларым¬ның алдында толық жауапкершілікті сезіне отырып, жасына, кәсібіне, әлеуметтік, ұлттық және діни қатыстылығына қарамастан, барлық азаматтың мүддесін қорғауға бағытталған бағдарламамды ұсынамын : Сайлауалды бағдарламам төмендегідей жеті бағыттан тұрады.
- Ауданның мәдени-рухани әлеуеті.
- Халықты баспанамен қамту.
- Әлеуметтік саланы дамытуға жағдай жасау.
- Жастардың белсенділігін арттыру.
- Инфрақұрылымды жақсарту.
- Шағын орта бизнесті дамыту.
- Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу.
Аталған бағыттар бойынша тоқтала кетейін.
— Қалалық мәслихаттың сессияларында, оның тұрақты комиссияларының жұмысында сайлаушылардың мүдделерін қорғаймын. Қала тұрғындарының әлеуметтік-экономикалық проблемаларын шешуге белсене қатысу.
— Шымкенттің әрбір тұрғынының лайықты өмір сүруін қамтамасыз етуге, жұмыссыздық мәселелерін шешуге және жастарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу.
— Соғыс және еңбек ардагерлеріне, зейнеткерлерге, аз қамтылған отбасыларға, көпбалалы аналарға және жетім балаларға көмектесу.
— Тұрғындарды баспанамен қамтудың мемлекеттік бағдарламаларының жүзеге асырылуына жәрдем көрсету.
— Өндірісті, өнеркәсіпті және қызмет көрсету саласын дамытуға бағытталған ашық саясатын қалыптастыруға қатысу.
— Экологиялық проблемаларды, сондай-ақ, қаланың санитарлық жағдайын жақсарту мәселелерін шешуге атсалысу.
— Қалада мектепке дейінгі, орта және жоғары білім беруді табысты дамытуға үлес қосу.
— Білім берудің сапасын жақсартуға, «Nur Otan» партиясының «Кедергісіз келешек» бағдарламасының жүзеге асырылуына белсене қатысу.
— Қоғамдық көліктің жұмысын жақсартуға, халыққа қызмет көрсету мәдениетін арттыруға, жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ықпал ету.
— Халыққа медициналық қызмет көрсетуді жақсартуға, медици¬налық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға көмектесу.
— Қоғамда, барлық салада сыбайлас жемқор¬лыққа қарсы күрес жүйесін жетілдіруге ықпал ету.
Бүгінде біз жаңа технологияларды қолдану арқылы біліміміз бен тәжірибемізге, сондай-ақ әлемнің жетекші елдерінің озық тәжірибе-леріне сүйене отырып, уақыт талабы биігінен көрінуге және алды-мызда тұрған міндеттерді шешуге тиіспіз.
ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫЛАР!
Бұл — менің жоспарларым мен міндеттерімнің бір бөлігі ғана. Мемлекетіміздің ұзақ мерзімді «Қазақста-2050» стратегиясы бар. «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы бар. Іске кірісуге білек сыбанған жігерлі жастары бар. Егер алдымызда тұрған мақсаттарға жету жолында барлығымыз бірге жұдырықтай жұмылсақ, арамызда бірлік болса ғана, олар шешімін табады.
Менің бағдарламам бос уәде емес. Олар міндетті түрде орындалады! Оған сенімді болыңыздар!
Қазақстан Республикасының азаматы, елімінің патриоты ретінде осы ұсыныстарымның жүзеге асуына атсалысқым келеді. Менің өмірлік ұстанымым: «Басты міндет-халыққа қызмет!»
Әрбір сайлаушынының шаңырағына бақыт пен бірлік, елімізге тұрақтылық пен береке тілеймін. Алға, «Nur Otan»! Алға, Қазақстан!
Үйсінбай Бағдат Жаңабайұлы
журналист, «Nur Otan» партиясының белсенді мүшесі