Шымкентте коронавирус инфекциясына шалдыққан науқастардың 85 пайызы емделіп шыққан. Бұл жөнінде бүгін Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Тимирхан Варзилов ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифинг барысында мәлімдеп өтті. Оның айтуынша «Бүгінге дейін инфекция жұқтырған 4379 науқас дертінен айықты. Олардың басым бөлігі егде жастағы азаматтар болып отыр. Қазіргі таңда коронавирус инфекциясына шалдыққан 732 науқас ем алуда. Оның ішінде 18 науқас стационарда емін жалғастырып жатыр» — деп атап өтті Т.Варзилов өз сөзінде. Жалпы айтқанда 24 тамыздағы жағдай бойынша Шымкент қаласында covid-19 коронавирус инфекциясына шалдыққан науқастар саны – 5165 құраса, оның ішінде 2635 – симптомды және 2530 — симптомсыз. Міне осылайша Шымкент қаласында covid-19 шалдыққан науқастардың жалпы 85 пайызы емделіп шықты. Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы