on7news.kz
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Жастар
  • Спорт
  • Руханият
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Жастар
  • Спорт
  • Руханият
  • Сұхбат
No Result
View All Result
on7news.kz
No Result
View All Result
Home Білім

Шымкентте «HR-PROCESS» — педагог кадрларды іріктеудің жаңа жүйесі ендірілді

22 августа, 2020
in Білім
0
Шымкентте «HR-PROCESS» — педагог кадрларды іріктеудің жаңа жүйесі ендірілді
0
SHARES
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласының әкімі М.Әйтеновке педагог кадрларды іріктеудің «HR-Process» автоматтандырылған ақпараттық-талдау жүйесі таныстырылды. Бүгінде www.hr-process.kz сайтында педагогтар мен қызметкерлерді жұмысқа қабылдау бойынша 137 білім беру ұйымы тіркелген. Қазір 78 бос жұмыс орны бар.

«HR-Process» жүйесі педогогикалық бос орынға өтініш беру және өңдеу барысын автоматтандыруға, үміткерлер мен бос орындардың деректер қорын құруға, сонымен қатар  заманауи ақпараттық технологияларды қолдану негізінде педагогикалық құрамды іріктеу процесінің тиімділігін арттыруға арналған.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Шымкентте барлық саланы автоматтандыру және цифрландыру бойынша бірқатар жұмыстар жүргізудеміз. Осы сайттың арқасында оқытушы лауазымына үміткерлер онлайн режимде жұмыс таба алады. Педагогикалық құрамды іріктеуді автоматтандырудың мақсаты мен артықшылығы үміткерді таңдауда меритократия, жариялық және айқындық қағидаларын сақтау болып табылады», — деді қала әкімі.

Жүйе конкурстық әдіске негізделген. Арнайы комиссия құрамына білім беру мекемелерінің директоры, пән мұғалімдері, психолог кіреді. Әлеуметтік желілерде конкурстық комиссия отырысының онлайн көрсетілімі жүргізіледі.  Байқаудың барлық нәтижесі  сайтта жарияланатын болады.

Айта кету керек, бұл жоба — педагогикалық қызметке үздік кадрларды іріктеп алуға, жемқорлықтың алдын алуға мүмкіндік береді.

Tags: 3 мегаполис«HR-Process»Мұрат Әйтеновшымкент
Previous Post

Шымкент көшелеріне LED жарықшамдары орнатылады

Next Post

Шымкентте «AR- SHYMKENT» жобасы іске қосылады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Facebook Twitter Instagram Youtube

        On7news.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде on7news.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



old.on7news.kz сайт ескі нұсқасы

        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 04.03.2020 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік № KZ68VPY00020921 Электронды почта: on7news.kz@mail.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі