on7news.kz
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Жастар
  • Спорт
  • Руханият
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Жастар
  • Спорт
  • Руханият
  • Сұхбат
No Result
View All Result
on7news.kz
No Result
View All Result
Home Білім

Шымкентте білім саласы толық цифрлы жүйеге көшті

19 августа, 2020
in Білім
0
Шымкентте білім саласы толық цифрлы жүйеге көшті
0
SHARES
9
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкентте цифрландыру бағытында бірқатар жұмыстар атқарылуда. Шымкент қаласының Цифрландыру басқармасы басшысының міндетін атқарушы Досан Әлібеков баспасөз брифингінде атқарылған жұмыстардан хабардар етті.

Досан Биназарұлының айтуынша, биыл білім саласы қызметі жаңа оқу жылына орай толық цифрлы жүйеге көшті. Балалардың онлайн режимде сабақ алуын қамтамасыз ету үшін қаладағы барлық білім беру ұйымдары жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етілуде.

– Білім саласы – ең маңызды әлеуметтік саланың бірі. Биыл білім саласы толық автоматтандырылды. Балалаларды білім ұйымдарына қабылдау толық электронды форматта жүзеге асты. Сондай-ақ, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына қабылдау, отбасы және балаларға қатысты қызметтер, тағы басқа қызметтер толық автоматтандырылды.

Қала аумағын жоғары жылдамдықты және қуатты интернет желісімен қамтамасыз ету мақсатында бүгінде 11 базалық станция орнатылуда. Оларды орнататын 11 орын бойынша да қалада заңдастыру жұмыстары аяқталды. Шымкент қаласының аумағына кіретін барлық шалғайдағы елдімекендерді жоғары сападағы интернетпен қамту үшін қосымша 43 нүктеге талдау жұмыстары жүргізілді. Қыркүйек, қазан айларында базалық станциялардың жұмысын іске қосу жұмыстары аяқталады, – деді Досан Биназарұлы.

Айта кетсек, бүгінде Шымкент қаласы сапалы интернет жүйесімен 80 пайыз қамтылған. Ал орнатылып жатқан базалық станциялардың жұмысы аяқталған сәтте бұл көрсеткіш 100 пайызға жетпек.

Tags: 3 мегаполисДосан ӘлібековМұрат Әйтеновшымкент
Previous Post

Шымкент: Түркістан көшесіндегі жөндеу жұмыстары қазан айында бітеді

Next Post

Бағдат Үйсінбай : Халықтың әлеуметтік жағдайы басты назарда болуы тиіс. ПРАЙМЕРИЗ - 2020

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Facebook Twitter Instagram Youtube

        On7news.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде on7news.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



old.on7news.kz сайт ескі нұсқасы

        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 04.03.2020 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік № KZ68VPY00020921 Электронды почта: on7news.kz@mail.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі