Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай Шымкентке жұмыс сапары аясында қала басшылығымен және мемлекеттік қызметшілермен кездесті.
Қала активімен кездесуде МҚІА төрағасы Мемлекет басшысының мемлекеттік қызметті жаңғырту бойынша алға қойған міндеттерін іске асыру шеңберінде қабылданған шаралар туралы айтып берді. Оларға мемлекеттік аппаратты бюрократизациядан арылту, азаматтардың сұраныстарына бағдарлана отырып, оның сервистілігін арттыру, мемлекеттік қызметке кірудің ашықтығын қамтамасыз ету, жеке сектордан жастар мен кәсіпқойлардың мемлекеттік қызметке орналасуын жеңілдету кіреді.
Сондай-ақ, ол мемлекеттік қызметті дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған қабылданған тұжырымдамасы қазіргі заманғы талаптарға сәйкес қолданыстағы жүйені жетілдіруге бағытталғанын атап өтті. Бұл саладағы инновациялар Президент “мемлекет үшін адам емес, адам үшін мемлекет”деп белгілеген іргелі қағидаты негізінде жүзеге асырылады.
Сонымен қатар, ол мемлекеттік қызметті дамытудың жаңа тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде мемлекеттік қызметтің гибридті моделіне көшу, мемлекеттік қызметшілерді кәсібилендіру және адам ресурстарын басқаруды цифрландыру жоспарларымен бөлісті.
Кездесу соңында мемлекеттік қызмет ардагерлерін ведомстволық наградамен марапаттау өтті.Мемлекеттік қызметті дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған қабылданған тұжырымдамасы қазіргі заманғы талаптарға сәйкес қолданыстағы жүйені жетілдіруге бағытталған. Бұл саладағы инновациялар Президент «Мемлекет үшін адам емес, адам үшін мемлекет» деп белгілеген іргелі қағидаты негізінде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік аппаратты бюрократизациядан арылту, азаматтардың сұраныстарына бағдарлана отырып, оның сервистілігін арттыру, мемлекеттік қызметке кірудің ашықтығын қамтамасыз ету, жеке сектордан жастар мен кәсіпқойлардың мемлекеттік қызметке орналасуын жеңілдету кіреді.
Мемлекеттік қызметті дамытудың жаңа тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде сөз қозғаған Д. Жазықбай мемлекеттік қызметтің гибридті моделіне көшу, мемлекеттік қызметшілерді кәсібилендіру және адам ресурстарын басқаруды цифрландыру жоспарларымен бөлісті. Кездесу соңында мемлекеттік қызмет ардагерлерін ведомстволық наградамен марапаттады.
Бұдан былай, мемлекеттік қызметкерлер арасында жабық ішкі конкурс болмайтын болды. Ал, толтырылуын мемлекеттік органдар негізсіз созатын бос орындарға конкурстар автоматты түрде жарияланады.