Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының Газ техникалық инспекция бөлімі мен «Шымкент қаласының Газ техникалық қызметі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі газ қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында кең ауқымды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде. Бұл шаралар қала тұрғындарын газбен улану қаупінен қорғауға және газ жабдықтарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік талаптарын сақтау қажеттілігін түсіндіруге бағытталған.
2024 жылдың басынан бері басқарма тарапынан: 44 көшпелі жиын және 39 кездесу, дөңгелек үстелдер ұйымдастырылып, әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарында 58 мақала, пост және брифинг жарияланып, 67 800 дана жадынама таратылған.
Сонымен қатар, газдан улану оқиғаларына сүйене отырып, қала бойынша қызыл және тәуекел аймақтар анықталып, алгоритм бойынша арнайы жұмыстар жүргізілуде.
Сондай ақ, қалада газ техникалық инспекция бөлімі газ жабдықтарын қауіпсіз пайдалану талаптарын бұзған 89 тұлғаны жауапкершілікке тартты. Жалпы айыппұл сомасы 332 АЕК (1 225 744 теңге). Қазақстан Республикасының «Газ және газбен жабдықтау туралы» Заңының 19-бабы бойынша, газ жабдықтарының иелері олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндетті. Бұл талаптар сақталмаған жағдайда әкімшілік шаралар көзделген.
Шымкент қаласының Газ техникалық инспекциясы тұрғындарға қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігін ескертеді2024 жылы Шымкент қаласында жылыту маусымының басталуына байланысты «Өрт қауіпсіздігі айлығы» акциясы өткізілуде. Бұл шара аясында тұрғындарға өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қауіпті жағдайлардың алдын алу мақсатында кең ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Акция барысында әлеуметтік осал топтағы отбасылар, табиғи газға қосылмаған жатақханалар, және қатты отынмен жылытылатын тұрғын үйлер араланып, олардың қауіпсіздік жағдайы тексерілді.
Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға жылыту маусымы кезінде өрт қауіп-қатерлерінен қорғану үшін келесі ұсыныстарды орындауды ұсынады:
1. Түтін құбырлары мен пештерді күйеден тазалау: Жылыту маусымы басталар алдында және жылу беру маусымы кезінде түтін мұржаларын кемінде үш айда бір рет тазалаңыз.
2. Электр сымдарын тексеру: Тозған немесе уақытша схема бойынша жүргізілген электр сымдарын ауыстырып, олардың жағдайын бақылаңыз.
3. Электр желілерін жүктемеу: Үйді жылыту үшін стандартқа сай емес электр құралдарын қолданбаңыз және электр желісін шамадан тыс жүктемеңіз.
4. Пештерді дұрыс пайдалану: Пешті қатты қыздырмаңыз, үстінде жанғыш материалдарды кептірмеңіз.
5. Ауланы тазарту: Аулаңызды жанғыш қоқыстардан тазалаңыз және күлді жинау үшін қауіпсіз орын әзірлеңіз.
6. Балаларды қараусыз қалдырмау: Балаларды ересектердің бақылауынсыз қалдырмай, қауіпсіздік шараларын түсіндіріңіз.
Бұл шаралар тұрғындарға жылыту маусымында өрт қауіпсіздігін сақтауға және ықтимал қауіпті жағдайлардың алдын алуға көмектеседі.