Шымкент қаласындағы Абай ауданының аумағында тазалық жұмыстарын жүргізу және әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында ауқымды жобалар қолға алынды. Бұл шаралар тұрғындардың өмір сапасын арттыруға, қоғамдық тәртіпті нығайтуға және әлеуметтік жауапкершілікті күшейтуге бағытталған. «Таза Өлке», «Киелі Мекен», «Өнегелі Ұрпақ», «Жасыл Аймақ» және «Мөлдір Бұлақ» акциялары аясында тазалық жұмыстары ұйымдастырылды. Тазаланған аймақтар: Асар, Шымсити, А.Асқаров атындағы Дендросаябақ, Қызылжар, Игілік, Көкбұлақ, Алтынтөбе, Бәйдібек би даңғылы, А-2 тас жолы, Қошқар ата өзені және жалғызілікті қариялардың үй аулалары. Тазалық жұмыстарының қатарында аудан тұрғындарына әлеуметтік көмек көрсету де назардан тыс қалмады. Аз қамтылған отбасылар, мүгедек күтушілері, қолайсыз отбасылар, тыл ардагерлері және пробация есебінде тұрған азаматтарға демеушілер есебінен 659-дан астам отбасыға азық-түлік түрінде көмек көрсетілді. Абай ауданында атқарылған осы шаралар тұрғындардың әл-ауқатын жақсартуға, қоғамдық тәртіпті нығайтуға және әлеуметтік жауапкершілікті арттыруға бағытталған. Тазалық пен әлеуметтік көмектің осы ауқымды жобалары аудан тұрғындарының өмір сүру сапасын көтеруге мүмкіндік беруде. 2024 жылы Абай ауданында инфрақұрылымдық жобалар аясында жолдарды асфальттау, көшелерді жарықтандыру және абаттандыру бойынша ауқымды жұмыстар жалғасуда. Ауданда 1274 көше бар, олардың жалпы ұзындығы 1080,1 шақырымды құрайды. Оның ішінде: • асфальт жолдар – 573 шақырым (48,5%); • тас жолдар – 450,2 шақырым (25,7%); • топырақ жолдар – 57 шақырым (2,8%). Абай ауданының 2024 жылы абаттандыруына ерекше көңіл бөлінді. Ауданның әкімдік аппаратына жалпы 3,88 миллиард теңге бөлінген. Бұл қаржы мерекелік іс-шаралар, елді мекендерді абаттандыру, балалар және спорт алаңдарын салу, көшелерді жарықтандыру сияқты түрлі жобаларға бағытталған. Халық қатысатын бюджет жобасы аясында 22 жоба жүзеге асырылды, оның ішінде 18 балалар алаңы және 2 спорт алаңы салынып, пайдалануға берілді. Бұл жобаларға 491,2 миллион теңге қарастырылды. Абай ауданының инфрақұрылымын жаңарту бағытындағы бұл жұмыстар аудан халқының өмір сапасын жақсартуға бағытталған маңызды қадамдар болып отыр.