Департамент тарапынан қаланың түрлі орындарында сенім телефоны туралы жарық графика жұмыстары ұйымдастырылуда. Ал пара алу мәселесі бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мамандарына қала тұрғындары көмек көрсетіп келеді. Мамандардың айтуынша, шымкенттіктер пара алу туралы хабар беруде белсенділік танытып келеді әрі ол үшін қаржылай сыйақы алады. Шымкент қаласының тұрғындарына сыбайлас жемқорлық туралы хабарлама үшін 9 млн теңге төленді. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзгеше түрде жәрдемдесетін адамдарға заңнамалық түрде біржолғы ақшалай сыйақылар белгіленген. Ағымдағы жылдың 9 айында Департамент арқылы қаланың 5 тұрғыны 8,8 млн теңгеге көтермеленді. Аталған тұлғалардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары туралы хабарлауынан кейін жемқорлықтың жолы кесіліп, сот үкімдері шыққан. Мегаполис тұрғындарын сыбайлас жемқорлық туралы ақпаратты қайда хабарлау туралы кеңінен хабарландыру мақсатында Департамент тарапынан қаланың түрлі орындарында сенім телефоны туралы жарық графика жұмыстары ұйымдастырылуда. Айта кетейік, 2020 жылы Үкіметтің қаулысымен сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқықбұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзге де жолмен жәрдемдесетін адамдарға байланысты қағидаларға түзетулер енгізілген еді.
Егер тұрғын сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке қылмыс туралы хабарласа, онда ол айыптау үкімі шығарылғаннан кейін пара сомасының 10% -ын ала алады.Сыбайлас жемқорлықпен күрес мамандары шенеуніктер тарапынан ақша бопсалауға, ұрлауға, немесе қызметін асыра пайдалануға тап болған кез келген азамат 1424 нөмірі бойынша тәулік бойы жұмыс істейтін CaII-орталыққа жүгіне алатынын еске салады.