Салықтар- шаруашылық жүргізуші субъектілердің, тұлғалардың мемлекет пен екі арадағы мемлекеттік бюджет арқылы жүзеге асырылатын, қаржы қатынастарын сипаттайтын экономикалық категория. Салықтың экономикалық мәні мынада: салықтар шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының қалыптасуындағы қатынастардың бір бөлігін білдіреді. Сондай — ақ шаруашылық жүргізуші субъектілермен халық табысының белгілі бір мөлшерін мемлекет үлесіне жинақтап, жиынтықтардың қаржылық қатынастарын көрсетеді. Салықтардың атқаратын қызметтері. Қоғамдағы салық қызметтерін қарастыратын болсақ, онда салықтардың мемлекеттік табыстарды бөлу және қайта бөлудің құндық құралының әлеуметтік мәнін бірінші орынға қоямыз. Сонымен бірге, тәжірибе деңгейінде қарасақ, салық салу тек бірнеше қызмет атқарады, оның әрқайсысында салықтардың мәні ашылып отырады. Аталған қызметтер бір – бірімен тікелей өзара байланысты болып бір жүйені құрайды. Салықтар төмендегідей қызмет атқарады: — фискалды (тіркелген) немесе жұмылдыру қызметі; — қайта бөлу қызметі; — реттеуші қызметі; — ынталандыру қызметі; — шектеу қызметі; — бақылап – есептеу қызметі.Енді осы салық қызметтеріне жеке – жеке тоқталатын болсақ, онда салықтың бірінші қызметі – фискалды немесе бюджеттік қызметі. Фискалды қызмет салық салудың негізгі қызметі болып табылады. Салықтардың негізгі мәні осы қызметте көрінеді. Бұл қызмет арқылы мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлімі құрылып, салықтың қоғамдық міндеті артады. Себебі, салықтар мемлекеттік бюджеттің кірісін топтастыра отырып, әлеуметтік, әскери – қорғаныс, әлеуметтік табиғатты сақтау үшін және тағы басқа да шаралардың іске асуын қамтамасыз етеді. Қайта бөлу қызметі арқылы түрлі субъектілер табысының бір бөлшегі мемлекет пайдасына өтеді. Бұл қызметтің іс — әрекетінің көлемі ішкі жалпы өнімді салықтың алатын үлес салмағы арқылы анықталады. Соңғы жылдардағы мәліметтер бойынша ҚР-ның ішкі өніміндегі салықтардың үлес салмағы 70 % — дан көбірек болып отыр. Бұл экономикасы дамыған басқа елдерден әлдеқайда жоғары. Еліміздегі мемлекет мүддесі үшін қаржы көздерін орталықтандырудың бір аймағы осы. Реттеуші қызметі – салықтың ең негізгі қызметі болып табылады. Осы қызмет арқылы салықтар ел экономикасына өз ықпалын енгізеді, яғни салықтық реттеу жүзеге асырылады. Салықтық реттеудің ең негізгі мақсаты — өндірістің дамуына ықпал ету. Салық түрлері, салық ставкалары, салық жеңілдіктері, салық әдістері салықтық реттеудің тетіктері болып саналады.