Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен Мемлекеттік қызмешілердің кәсіби-тұлғалық болмысын жетілдіруге бағытталған қадамдық жоспары бекітілген. Осы ретте, қадамдық жоспарға сәйкес Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызымет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментімен мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасын және қызметтік әдеп нормаларын түсіндіру, мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау және қызмет көрсету бағытындағы заңнамадағы өзгерістер бойынша Персоналды басқару қызметі қызметшілері мен Әдеп жөніндегі уәкілдерге, мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссия төрағалары мен мүшелеріне ағымдағы жылдың ақпан айынан бастап ай сайын тұрақты түрде әдістемелік-тәжірибелік семинар-тренингтер, дөңгелек үстелдер, диалогтық алаңдар, семинар кеңестер ұйымдастырылуда. Аталған іс-шаралардың негізгі мақсаты мемлекеттік қызметшілердің Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасын және қызметтік әдеп нормаларын түсіндіру арқылы құқықтық сауаттылығын арттыру, аналитикалық ойлауды және нақты жағдайлар контекстінде құқықтық нормаларды түсіндіру болып табылады. Өткізіліп отырған тренингтер барысында талдау нәтижелері бойынша анықталған кемшіліктерге жалпы шолу жасалып, оның заңнамалық негіздері талқыланады, тәжірибелік нақты кейстарды шешу арқылы қатысушыларды бұзушылықтарды болдырмау бойынша жұмысқа бағдарлау жүзеге асырылады. Ағымдағы жылдың тек 3-тоқсанының өзінде ғана қадамдық жоспар бойынша Департаментпен «Құқықтық сауаттылық» жобасы аясында Персоналды басқару қызметі қызметшілері мен Әдеп жөніндегі уәкілдерге мемлекеттік орган басшылығын лауазымға тағайындау барысында біліктілік талаптарына сәйкестігі, мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілеріне сыйлықақы беру және тәртіптік практикасының мәселелері тақырыбындағы тәжірибелік семинар-тренингтер, «Құтты білік» жобасы аясында Шымкент қаласының жергілікті атқарушы органдардың және орталық мемлекеттік органдарының аумақтық бөлімшелерінің қызметшілеріне кәсіби дағдыларды дамыту бойынша мастер-класс, «Еріктілер кеңесі» консультативтік-кеңесші органдарының жұмысының нәтижелері туралы жиын, «Жас мемлекеттік қызметшілер мектебі» қызметінің нәтижелері туралы жиын өткізілді. Сонымен қатар, өз басының қара қамын ғана ойламай, әрдайым елдік мұратты биік қоя білу, елге адал қызмет ету мемлекеттік қызметшілердің бойынан табылуы тиіс негізгі қасиеттердің бірі. Осы орайда, мемлекеттік қызметшілердің өз еріктерімен қоғамдық іс-шараларға белсене қатысуы көңіл қуантады. Айта кету қажет, 2023 жылдан бастап Департамент жанынан құрылған «Еріктілер кеңесі» консультативтік-кеңесші органы жұмыс жасайды. Бүгінгі күнге Департаменттің ұйымдастыруымен еріктілермен жалпы 20-ға жуық іс-шара өткізілген («Дүниежүзілік тазалық күні», «Бар мейіріміміз балаларға», «Өзгеге өмір сыйла», «Тегін заң көмегі күні», «Донор бол! Өзгеге өмір сыйла!», «Еріктілердің игі бастамалары – қоғам үшін пайдалы!» акциялары және т.б.). Ағымдағы жылдың 3-тоқсанында лауазымдық міндеттерін адал және сапалы орындаған, атап айтқанда Қазақстан Республикасы аумағынан заңсыз контрабандалық тауарлардың өтуіне тосқауыл қойған Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Шымкент-кедендік рәсімдеу орталығы» кеден бекетінің бас маманы Д.Байтелиевпен және Атырау обылысында су тасқынына байланысы жарияланған төтенше жағдай барысында су тасқын алдын-алу жұмысына белсене қатысқан Шымкент қаласының құрылыс басқармасының тұрғын үй құрылысы бөлімінің бас маманы Д.Бекмұратпен арнайы кездесу өткізілді. Бұған қоса, «Ел мақтанышы» жобасы аясында өңірде беделді, мемлекеттік қызметке жаңа бастамалар енгізген мемлекеттік қызметшілер туралы жарияланымдардың жариялануы қамтамасыз етіліп, мемлекеттік қызметшілердің мұқтаждарға көмек көрсетудегі күш-жігерін біріктіру бойынша науқанның өткізілуі ұйымдастырылды. Агенттіктің бастамасымен жүзеге асырылып отырған маңызды мағыналас профилактикалық іс-шараларды өткізу өз жалғасын табатын болады.