Шымкент қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаментімен білім беру мекемелерінің 300-ден астам директорлары және бухгалтерлері үшін бюджет қаражатын игеру саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мәселелері бойынша кезекті жиын ұйымдастырылды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Оқу-ағарту Министрлігімен бекітілген «Жол картасының» орындау нәтижелері жеткізілді. Сондай-ақ, Департамент басшысының бірінші орынбасарының м.а. А.Колосков төлем құжаттарын «қолмен» түзетуге енгізілген тыйымдар, Swift файлдарын қосымша салыстыру және бір бюджеттік бағдарлама бойынша айына 2-ден астам төлем жасауға тыйым салу туралы айтты. Іс-шара барысында негізсіз төлемдерді бұғаттаудың жаңа тетіктері таныстырылды. Мәселен, IT өнімін әзірлеуші «АзияЅһумСервис» ЖШС «1С» бухгалтерлік есеп жүйесінің платформасында ақшаның 100% игерілу көрінісін тудыратын жеке табыс салығы түріндегі артық бюджет қаражатын аударуға жол бермейтін құралдарды енгізді. Бұрын бұл тәжірибе кеңінен тарап, бухгалтерлер бос орындардан пайда болған ай сайынғы барлық жинақтарды жеке табыс салығы ретінде аударып отырған. Сонымен қатар, Қазынашылық және Ішкі мемлекеттік аудит департаменттерінің мамандары қатысушыларға бюджеттеудің «нүктелік» рәсімдері, сондай-ақ жалпы бұзушылықтар бойынша ақпарат берді. Сондай-ақ, Департамент бейінді басқармамен бірлесіп мектеп директорлары мен бухгалтерлеріне «жаңа» цифрлық құралдарды пайдалану бойынша оқыту семинарларын өткізуді жоспарлауда. Шымкентте қызмет атқарып отырған мемлекеттік қызметкерлердің моральдық жауапкершілігін арттыру, олардың заңға бағынуын қамтамасыз ету үшін тиісті оқу курстары тұрақты түрде өткізіліп келеді. Сондай-ақ, халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы түсіндіру жұмыстарыда жоспарға сәйкес жүргізілуде. Бұл үшін ақпараттық-насихат топтарын құрып, тұрғындармен ашық кездесулер ұйымдастыру игі іске айналған. Шымкент қаласының мемлекеттік мекемелерінде электронды қызмет көрсету жүйелерін дамыту, цифрландыру жұмыстарын жүргізу арқылы парақорлықты азайтуға мүмкіндік бар. Мысалы, ашықтық пен қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін мемлекеттік қызметтердің бәрін онлайн түрде ұсыну, электрондық теңгерімдерді бақылау жүйесін енгізу – жемқорлықтың алдын алудағы маңызды қадамдар болып табылады.