Александр Речинский – қалалық №1 өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығының түлегі. Қазіргі таңда Саша ҚР ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының 4 курс курсанты. Оқу жылының басталуы қарсаңында қалалық полиция департаментінің бастығы Думан Таев болашақ офицерді жеке қабылдап, оқуға қажетті құрал-жабдықтар мен заттар табыстады.
– Азаматтардың құқықтарын, қауіпсіздігін қорғау мен қылмысқа қарсы күрес – мол жауапкершілікті талап ететін іс. Полиция қызметі қиын, бірақ өте маңызды. Сондықтан, білім алып, дағдыларды дамытудан жалықпа. Әрдайым парасаттылық пен табандылық таныта біл. Таңдаған жолыңмен батыл жүр!, – деді генерал. – Департаменттің жеке құрамына үлкен алғысымды білдіргім келеді. Бізге әрқашан қолдау көрсетіп, көмектесіп жүргендеріңізге рақмет. Адал қызмет етуге уәде беремін!, – деп алғыс айтты курсант. Александр жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін туған қаласында қызмет атқаруды жоспарлап отырғанын айтып, академияда оқыған жылдар оның нәтижелі кәсіби қызметінің кепілі болатынына сенім білдірді. Айта өтейік, балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілері 2019 жылдың басынан бері мегаполис полицейлерінің қамқорлығында. 5 жылдан астам уақыт тәртіп сақшылары оларға барынша көмек пен қолдау көрсетіп келеді және әрбір маңызды күні назардан тыс қалмайды. Орталықтың педагогтарының айтуынша, полицейлер балалардың жарқын болашаққа апарар дұрыс жолды таңдауына ықпал етуде. Ал, балалар полиция қызметкерлері олар үшін ағаларындай қамқор екенін жеткізді. Баспасөз құралдарында немесе әлеуметтік желілерде полиция қызметкерлеріне қатысты сыни бағыттағы ақпараттар шығып жатса, міндетті түрде тексеру жұмыстары жүргізіледі. Егер бір қызметкер заңға қайшы әрекетке барса, жауапкершіліктен құтыла алмайды. Адалдық – басты принцип. Осылайша біз қызметкерлерге бәрін өзімізден бастауымыз тиіс екенін ұғындырамыз. Бүгінде жеке құрам арасында тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз ету бойынша біршама жұмыстар атқарылуда. Өткен жылдан бастап барлық қала, аудандарға іссапар ұйымдастырылып, жеке құраммен, олардың ата-аналарымен және жұбайларымен кездесулер өткіздік. Кездесудің мақсаты – қызметкерлердің тұрмысындағы проблемалық мәселелер, басшылық тарапынан берілетін заңсыз тапсырмалардың алдын алу, басқа да заңсыз әрекеттерді болдырмау. Осылайша, әр қызметкердің жағдайын саралап отырамыз. Қазір әлеуметтік желіде полицейлердің ата-аналарының басын қосқан чаттарымыз бар, онда проблемалық мәселелер ылғи талқыланып отырады. Соның арқасында биыл полиция қызметкерлеріне қатысты бірде-бір сыбайлас жемқорлық ісі тіркелген жоқ. Қылмыс жасаған болса, қызметкерлер ішкі істер органдарынан шығарылып, олардың тікелей бастықтары мен жауапты қызметкерлері қатаң тәртіптік жазаға тартылады. Рас, жемқорлық – күн тәртібінен түспейтін мәселенің бірі. Қазір біз салдарымен емес, себебімен күресеміз, әркез талдау жасалады. Ол үшін полицияның ашықтығы қажет. Себебі полицияның ашықтығы сыбайлас жемқорлықпен күресте негізгі қағидаттардың бірі болып отыр. Бұған қоса былтыр қаңтардан бастап Мемлекет басшысы бекіткен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын іске асыру үшін ішкі істер органдарының қызметкерлерін Integrity Check парасаттылығына тексеру бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл жобаның жүзеге асырылуы полиция қызметкерлері арасындағы сыбайлас жемқорлықтың төмендеуіне септігін тигізбек, яғни, қызметкерлердің адалдығын өзгеден бұрын өзіміз тексеріп, жемқорлықтың алдын алуға тырысып отырамыз.