Соңғы отыз жылда, біздің елде Бұқаралық ақпараттық құралдарында халықтың психикасына әсер ететін идеологиялық контент көрсетіліп жатады. Біз демократияны анархиямен шатастырып алған сияқтымыз. Әсіресе, тәуелсіз арналар мен ақпарат құралдары жаман дүниелерді жазып, соны талқылап жатуының өзі біздің идеология мен мемлекеттің ақпараттық саясатының болуы біздің қоғамға кері әсерін тигізіп жатқандай. Балаларға арналған кейбір бағдарламалар олар үшін қызықсыз. Сондықтан, балалар көбіне YouTube-тан, әлеуметтік желілерден олардың сана-сезімінің қалыптасуына теріс әсер беретін контентті көреді. Ал, жастарға берілетін бағдарламалардың ішінде мағынасы бар, оларға пайдасын тигізіп, тәрбие беретін бағдарлама көрген жоқпын. Осы мәселені де біз Ұлттық комиссия отырысында талқылағанбыз. Бұл жағдайды да Аида Ғалымқызы көтеріп, балалармен жұмыс істейтін бағдарламаларды қайта қарап шықты, жақында өз ұсынымызды береміз деген ойдамыз. Олардың рөлі өте үлкен. Өйткені, қазіргі балалар газет-журнал оқымайды, ата-ананың көбі жұмыста. Балалар көбінесе YouTube-та отырады. Осы YouTube-тің өзінде де әр жасқа сай, үш жастан алты жасқа дейін, алты жастан он жасқа дейін, өздерінің психикасына келетін, олардың қызығушылығын ескере отырып жасалған, Қазақстандық контент шығаруды қолдаймын. Бірақ, әрбір мемлекеттік орган репродуктивтік денсаулықты, ерте жүктілік пен сондай жағдай болып қалғандағы жаңа туған нәрестені тастап кету немесе туа салып сатып жіберу деген сияқты жағдайларды болдырмау үшін ауылдық тұрғындармен, ондағы қыз балалармен көп жұмыс істеуі керек. Қазіргі кезде осы жағдайлардың өршіп тұрғандығы Денсаулық сақтау министрлігінің профилактикалық жұмыстарының әлсіз екендігін білдіреді. Сонымен қатар, Білім министрлігінің білім басқармаларының қызметкерлері де жұмыс барысында осы мәселеге үлкен көңіл бөлуі керек. Өйткені, зорлық-зомбылық фактілері болған жағдайда, көпшіліктің ойынша, тек полиция органдарына ғана жүгіну керек. Полиция қызметкерлері нақты бір қайғылы жағдай болған кезде ғана қосылады. Ал, енді профилактикалық жұмыстар барысында учаскелік полиция қызметкерлері оқиға орнына келген күннің өзінде, олардың сөздері өтпей жатады. Себебі, көбінесе учаскелік полиция қызметкерлері де отыз жасқа дейінгі жас жігіттер. Сол себепті, бұл жағдайда барша қоғам қосылып, жұмыла жұмыс істеуі керек. Мысалы, Өзбекстанда арнайы бір жерде тұратын тұрғындардың осындай мәселелерді талқылайтын мәслихаты бар. Ол Кеңес дәуірі кезінде қоғаммен ақылдасып, сұрайтын. Бұл артқа шегіну емес, керісінше қоғамның жанашырлық танытуы. Айналасында болып жатқан мәселелерге назар салмастан өтіп кетпеу. Ол әрбір отбасының жеке мәселесі, оған араласуға болмайды деп қарамай, керісінше мейірімділік танытып, осындай жерде қолдау көрсеткен дұрыс. Себебі, көп отбасында күйеулері нашақор немесе ішімдікке тәуелді болып, не болмаса ұрып-соғып, әйелдердің күші жетпей жатады. Екі жылдан бері тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы заң турасында дау болып жатыр. Бірақ, біз зорлық-зомбылыққа бей-жай қарап, өтіп кете алмаймыз.