Топ мүшелерін Шымкент қаласы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел уәкілдері Шымкент және Алматы қалаларының аумағында ұстады. Оларға қатысты көңіл көтеру мекемелеріне ықпал ету бойынша қаруды қолдана отырып, қылмыстық әрекеттер жасағаны туралы жайттар тіркелген. Полицияға 14 адам жеткізілді, тінту шараларының нәтижесінде атыс қарулары мен оқ-дәрілер тәркіленді. Қазіргі таңда тергеу жүргізілуде. Кейде өз өмірлерін қатерге тігетін полицейлердің жұмысы қаншалықты қиын әрі қауіпті екенін өз көзіңмен көргенде ғана сезінесің. Түрлі оқыс оқиғалардың басы-қасында жүретін бұл маман иелерінің бір күндік жұмысы кімді де болсын қызықтырары сөзсіз. Полиция қызметкері – халықтың қорғаны. Қылмысты ашуда, қауіпсіздікті сақтауда сала мамандарының еңбегі зор. Десек те, полиция қызметкерлерінің қызметі халық арасында дұрыс бағаланбай, түрлі қауесеттер өріп жүретіні, вайндар түсіріліп, шенділерді «мазаққа» айналдырған түрлі видеоларды да көзіміз көріп-ақ жүр. Иә, тәртіпті қатаң қадағалайтын полиция қызметкерлерінің тірлігі қашанда қарбаласқа толы, үнемі қауырт. Асқан қырағылық пен табандылықты талап ететін бұл қызметтің жауапкершілік жүгін арқалау да оңай емес. Тыныштық пен қауіпсіздік үшін өмірлерін құрбан ететін тәртіп сақшыларының қызметтік уақыты қызық пен өкінішке толы. Өйткені адамдардың кейде жауыздықпен бір-біріне жасайтын қатыгез әрекеттері оларды да бейжай қалдырмайды. Бейбіт заманда өмірлерін қатерге тігіп, Отанға деген адалдық пен шаңырақ шаттығын таразы басында тең ұстау, береке мен бірлікті сақтау – бүгінгі полиция қызметкерлерінің басты парызы. Жүрегі елім деп соққан құқық қорғау саласының қызметкерлері бүгінде қоғам арасында ерекше беделге ие. Жыл санап оларға деген сенім арта түсуде. Ендеше, барша полицей қауымға айтарымыз, адал еңбек пен жүктелген жауапкершілікті сезіне білу – жұмыстың тәтті жемісі. Жалпы, полиция қызметкері – халықтың қорғаны. Қылмысты ашуда, қауіпсіздікті сақтауда полиция қызметкерлерінің еңбегі өте маңызды. «Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы» Заңына сәйкес, полицияның құзырына адамның және азаматтың өмірін, денсаулығын, құқықтары мен бостандықтарын құқыққа қарсы қолсұғушылықтан қорғау, оқиға туралы өтініштерді немесе хабарламаларды қабылдау, тіркеу және қарау, көмек көрсету, құқықбұзушылықтың алдын алу шараларын жүзеге асыру, патрульдеу, құқықбұзушыларды іздеу және құрықтау кіреді. Бұдан бөлек полиция қызметкерлері көшіп-қонушылар мен соттылығы аяқталмаған адамдармен жұмыс істейді. Осыншама ауқымды жұмыстарды атқаратын полицейлердің қызметінің жіктелетіні де белгілі. Осы себепті полицияның бейінді бөлімдері мен құрамдары бар. Осы орайда, Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К.Тоқаевтың полиция қызметі сервистік модельге көшу талаптарын жүзеге асыру мақсатында қоғамдық қауіпсіздік пен тәртіпті сақтау бойынша, келеңсіз жағдайлардың алдын алу мақсатында ұдайы қызмет атқарып келеді.