Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев адам құқықтары саласындағы белгілі сарапшылармен және азаматтық қоғам өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында адам құқықтарын қорғау саласын дамытудың өзекті мәселелері, халықаралық стандарттарды қолдану, сондай-ақ заңнаманы жетілдіруге бағытталған тетіктер мен құралдар талқыланды. Азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейту және құқық қолдану процестерінің ашықтығын қамтамасыз ету бойынша практикалық қадамдарға ерекше назар аударылды. Кездесуге қатысушылар адам құқықтары жөніндегі күн тәртібін одан әрі ілгерілету үшін мемлекеттік органдар, сарапшылар қауымдастығы және азаматтық қоғам арасындағы ашық диалог пен ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті. «Бірлескен күш-жігер мен тәжірибе алмасу адам құқықтары жүйесін дамытудың негізгі факторлары болып табылады. Азаматтардың құқықтарын қорғаудың тетіктерін күшейтіп, әділ және ашық құқықтық жүйені құруға бағытталған заманауи тәсілдерді енгізу маңызды», – деді Артур Ластаев. Кездесу соңында қатысушылар заңнамалық базаны және оны қолдану тәжірибесін жетілдіруге қатысты ұсыныстар әзірлеу бойынша ынтымақтастықты жалғастыруға келісті. Адам құқықтары — адам жарық дүниеге, өмірге шырылдап келген сәттен бастап пайда болады. Адам құқықтары — адамның өз мүдделерін заң шеңберінде жүзеге асыру мүмкіндігі. Адам құқылары табиғи және әлеуметтік болып екіге бөлінеді. Табиғи құқықтар дегеніміз — адамның тіршілік етуінен туындайтын (мысалы; өмір сүру, еркіндікке жету, жеке басына тиіспеушілік т. б.) құқылары. Әлеуметтік құқылар дегеніміз — адамның мемлекетпен өзара әрекеті процесінде пайда болатын (мысалы; білім алуға, еңбек етуге, байқуатты өмір сүруге, азаматтық алуға, сот әділдігіне жүгінуге, еркін жүріп-тұруға, мүліктерді иеленуге т.б.) құқықтары. Қоғамдық қарымқатынастарға құқықтық нормалардың тиімді әсер етуді қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік органдардың құқықты қолдану қызметінде сот билігін жүзеге асырушы болып табылатын сот жүйесіне үлкен рөлі беріледі. Адам құқыларының жалпыға бірдей Декларациясының 8-бабында бекітілген, тәуелсіз және әділ сот арқылы істің әділ және ашық қаралуын талап етуге құқығы, Қазақстан Республикасының Конституциясының 12-бабымен да кепілдік берілген, онда: «Әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар» делінген.