Басқа елдермен тереземізді теңестіреміз, алдыңғы қатарлы елдер сапынан табыламыз десек жастарды салауатты өмір салты дағдысы қалыптасқан, рухы биік, жан дүниесі таза, адамгершілігі мол, білімді азамат болып ержетуіміз керек. Қазақстанда жыл сайын нашақорлықпен ауыратын адамдардың саны көбейіп, героин мен синтетикалық есірткілерді тұтыну артып отыр. Дүние жүзін жайлаған нашақорлық дерті күн сайын тамырын жайып барады. Келешек ұрпаққа ақыл, бағыт – бағдар беретін аға – апаларымыз есірткіні “ табыс көзі ” көріп, қаншама адам өмірін құртып отыр. Олардың тіпті мектеп оқушсына алғашқы мөлшерді тегін беріп, қызықтыруы айуандық деп есептеймін. Дәл қазіргі таңда әрбір жанұяның есігі мен терезесіне теңіліп, үй айналасын торып, ғасыр індеті жүр. Бұл індеттің аты – нашақорлық. Халқымыздың денсаулықты байлық пен басқадан да жоғары қоюынан-ақ оның қадірі қаншалықты екенін білуге болады. Осындай баға жетпес байлықтың қадірін түсінбей, өз өміріне өз қолдарымен балта шауып жүрген жандар қаншама! Қазіргі уақытта жастар арасында есірткіге бой ұру етек алып барады. Менің ойымша, оған көптеген себептер бар. Біріншіден, бозбалалар мен бойжеткендердің бұл жаста өздеріне не керек екенін білмей, еліктеушілікке салыну. Екіншіден, бір сәттілік ләззат үшін шоқ басқанын білмей қалған жастардың қателігі. Бүгінгі күні нашақорлық бір адамның ғана басындағы емес, бүкіл қоғамның қасіреті болып отыр. Нашақорлықтың қасіретін тек дәрігерлер ғана емес, күнделікті көріп жүрген әр жан сезеді. Бүгінгі жастардың ой – арманы, мақсат – мүддесі, тілегі, тірішлік – тынысы біздің халықтың ХХІ ғасырдағы бет – бейнесін көп жағдаяттан анықтап берері даусыз. Есірткі қазіргі таңда көп түрі кездеседі мысалы: марихуана, кокаин, морфин, LSD, героин және тағы басқа түрлері адамның миына, психикасына, орталық жүйке жүйесіне қатты әсер етіп, рухани және физикалық тепе – теңдікті бұзатын зиянды заттардың бірі. Есірткіні пайдаланудың кезеңі қоғамдық факторлармен байланысты өзіңнің таныс топтарыңның арасына оларға еліктеу және абырой алу болады. Нашақорлық тұңғиық түбі, адамды еліктіретін аждаһаның бір басы. Адам ағзасына өте тез уландыратын аса қауіпті психикалық дерт. Оны әсіресі жас ағза тез қабылдайды. Бұл адамның көңіл – күйін, сана – сезімін, мінез – құлқын бұзатын қауіпті, тыйым салынған химиялық зат. Ол адамның есін алып, құмарлық желігіне ұшыратады, нащақор есірткісіз өмір сүре алмайтын бейшара халге түседі. Есірткі – аса қауіпті, айығуы үмітсіз әлеуметтік дерт және осыған жету үшін дұрыс жолды білмейтін балалар да бар. Қазақстан құқық қорғау органдары жыл сайын жабайы есірткі өсімдіктері пісіп жетілетін маусым-қараша айлары аралығында «Көкнәр» жедел-іздестіру шараларын ұйымдастырады. Бұл шараның басты мақсаты – тұрғындар арасындағы есірткіге тәуелділікті азайту үшін заңсыз айналымдағы есірткі өнімдерін жою. Ұдайы жүргізілетін «Көкнәр» операциясы өзінің тиімділігін дәлелдеп, нәтижесін беруде. Былтыр 26 маусымда нашақорлық және есірткінің заңсыз айналымымен күрестің халықаралық күніне 30 жыл толды. 1987 жылдың 7 желтоқсанында БҰҰ-ның Бас ассамблеясына мүше мемлекеттердің есірткіден азат халықаралық қоғам құру жөніндегі алған міндеттерін орындау мақсатында 26 маусымды Халықаралық нашақорлықпен күрес күні ретінде атап өту жөнінде шешім қабылданған болатын. Нашақорлық – барлық халыққа ортақ әлеуметтік проблема.