Бүгінде қоғам түрлі қауіп-қатерге толы. Сол себепті де еліміз үшін қауіпсіздік бастымәселе ретінде белгіленген. Соңғы жылдары табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар да көбейіп кетті. Жыл басынан бері Шымкент қаласы аумағында 167 өрт оқиғасы тіркеліп, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 53%-ға өскен. Өрт салдарынан 2 адам қаза болып, 8 адам жарақат алған.
Тіркелген өрттердің негізгі бөлігі 75%-ын тұрғын үйлер (51 өрт немесе жалпы өрт санынан 55%)мен көліктердегі (22 өрт немесе жалпы өрт санынан 23%) өрт оқиғалары құрап отыр.
Орын алған өрттердің басым бөлігі электр сымдарының қысқа тұйықталуы əсерінен жəне өрт абайсыздықтан болып, жалпы өрттің санынан 80%-ы тіркеліп отыр.
Бұдан бөлек, 2023-2024 жылдардағы жылыту кезеңінде тұрғын секторда 58 өрт оқиғасы тіркеліп (2022-2023 жж. – 36, 61%-ға артқан), нəтижесінде 3 адам қаза болып (2022-2023 жж. – 5, 60 %-ға азайған) жəне 3 адам жарақат алған (2022-2023 жж. – 1, 3 есеге артқан).
Сонымен қатар, қатты отынды пайдалану кезінде 2023-2024 жылдары улы газбен уланубойынша 5 жағдай тіркеліп, нəтижесінде 4 адам қайтыс болып (2022-2023 жж. – 0, 4 есеге артқан), 2 адам жарақат алды (2022-2023 жж. – 0, 2есеге өскен).
Жүргізілген талдау нəтижесінде, орын алған жазатайым жағдайлардың басым бөлігі адамдардың қырағылығын төмендететін мерекелік күндері алкагольдік сусындарды қабылдау мен ауа райының күрт суу салдарынан орын алғаны белгілі болды.
Осыған байланысты, келе жатқан жылу беру кезеңде өрттерді жəне адамдардың қайтыс болуына жол бермеу мақсатында Төтенше жағдайлар департаментінің тарапынан 2024-2025 жылдардағы «жылу беру кезеңінде тұрғын үй секторында профилактикалық іс-шараларды жүргізу» жоспары қала əкімінің орынбасарымен бекітілген. Жоспарда көрсетілген іс-шараларды əзірлеу жəне өткізу үшін орындау тəртібі мен мемлекеттік жəне құзыретті органдарға жолданған. Айта кетсек, шаһарда төтенше жағдайдың алдын жұмысына көңіл бөлінген. Биыл атқарылып жатқан үгіт-насихат жұмыстарына жергілікті бюджеттен 12млн. теңгеден астам қаражат жұмсалған. Бұл қаржыға плакаттар, жадынамалар, билбордтар, əлеуметтік роликтер əзірленіп, халық арасында жаппай таратылуда.
«ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ АЙЛЫҒЫ» 15 ҚЫРКҮЙЕККЕ ДЕЙІН ЖАЛҒАСАДЫ
Бұдан өзге төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында 15 тамыз бен 15 қыркүйек арасында қала аумағында «Өрт қауіпсіздігі айлығы» өткізіледі. Оның шеңберінде тұрғын үй секторында төтенше жағдайлардың туындау тəуекелдерін азайтуға бағытталған кезең-кезеңімен жүргізілетін қарқынды іс-шаралар жоспарланып, іске асып келеді.
Аталған жоба 3 кезең бойынша іске асады.
1 кезең — аудан əкімдерімен жəне білімбасқармасыман бірлесіп халықтың əлеуметтік осал топтарының тізімін жинақтаппрофилактикалық жұмысын жүргізу;
2 кезең — табиғи газбен қамтамасыз етілмеген тұрғын үйлерге жəне жатақханалар менжатақхана ретінде қайта салынған үйлердепрофилактикалық іс-шаралар жүргізу;
3 кезең – қаладағы жеке тұрғын үй секторында профилактикалық жұмыс жүргізу.
Алдағы уақытта, ТЖ департаментінің тарапынан жылыту маусымының өту кезеңінде өрт қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесін жетілдіруге, халықты жəне экономика объектілерін өртке қарсы қорғау деңгейін арттыруға бағытталған іс-шараларды іске асыру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасатын боладығ – дейді сала жауаптылары.
Қазіргі таңда жоспар бойынша əлеуметтік осал азаматтардың, көп балалы жəне азқамтылған отбасылардың тізімін қалыптастыру жұмыстары жүргізілуде.
Ал өткен жылу беру кезеңінде төтеншеліктер бірқатар жұмысты атқарған. Профилактикалық жұмыс жүргізу барысында 41 мың үйді қамтитын аула аралау жұмыстары жүргізіп, 140мыңнан астам тұрғындарға нұсқама берілген.
Бұқаралық ақпарат құралдарында 630 үгіт-насихат жұмыстары жарықтандырылған.
Сонымен қатар, жоспарға сəйкес тамыз айынан бастап «Өрт қауіпсіздігі айлығы», «Жатақхана», «Улы газдан сақ болыңыз», «Əр үйге қауіпсіздік» акциясы өткізілді.
Жатақхана акциясының нəтижесінде 37 жатақаханың 3862 тұрғындарына үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп жадынама парақшалары таратылды.
Ал «Улы газдан сақ болыңыз» жəне «Əр үйге қауіпсіздік» акциясы ұйымдастырылып қала аумағындағы тұрғындардың үйлерін аралап, 37 894 адамды қамтыған 6 627 үйгетүсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ өртке қарсы мəдениетін арттыру үшін 12 300 адамды қамтыған. Бұдан өзге, 233 жиын ұйымдастырылып, оқу орындарында 5 635 оқушы мен оқытушыны қамти отырып 36 интерактивті сабақ өткізілді.
ОРМАН ҚОРЫ АЛҚАБЫНДА ТАБИҒИ ӨРТТІҢ АЛДЫН ШАРАСЫ БАСТЫ НАЗАРДА
Сала жауаптылары өрт қауіпті кезеңде орман қоры аумағында пилотсыз ұшу аппараттарымен айровизуалды бақылау жұмыстарын жүргізуге арналған жауынгерлік 5 данапилотсыз ұшу аппараттары дайындыққа келтірілген. Оның 4-і жылу анықтағыш камералармен жабдықталған.
«Казавияқұтқару» АҚ-ның тікұшақтарыменсу алу үшін пайдалануға болатын су айдындарының кординаттары да анықталған. Олардың қатарында Бадам, Тогуз, Ақжар, Текесу су қоймалары да бар. Сондай-ақ орман дала алқаптарында табиғи өрттер орын алған жағдайда орман шаруашылығы мен азаматтық қорғау органдарының арасында жедел өзара іс-қимыл жасау мақсатында радиобайланыс орнатылып, күнделікті тексеру жұмыстары орындалуда.
Өрт қауіпті маусым басталғалы бұқаралық ақпарат құралдарында 331 рет үгіттеу шарасы ұйымдастырылды (мақала — 52 ретжарияланды, 36 рет телеарналардан сұхбат берілді, 58 рет әлеуметтік желілерде сөз сөйленді, 185 рет радиодан сұхбат берілді).
Департаментте ашық қолжетімді ғаламтор желісіндегі Қазақстан Ғарыш Сапары сайты арқылы орман қоры аумағына тәулік бойы ғарыштық мониторинг жұмыстары жүргізілуде.
Табиғи және техногенді сипаттағы өрт орын алған кезінде Шымкент қаласы, Түркістан облысының Төтенше жағдайларжәне Шымкент қаласының Полиция департаменттерімен, сондай-ақ қала аумағындағы әскери бөлімдермен өзара әрекет ету іс-қимыл жоспарлары бекітілген.