Демалыс кезеңінде жасөспірімдерді — олардың қарасыз қалмауы, оқыс оқиғаларға ұшырамауы, сондай-ақ қандай да бір қылмысқа тартылмауын қадағалау маңызды. Осыны ескеріп, Шымкент қаласының полиция қызметкерлері оқу орындарында кездесулер өткізіп жатыр. Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні қарсаңында шаһар полициясы студенттермен кездесіп, оларға есірткінің заңсыз айналымына қатысудың құқықтық салдары және нашақорлықтан аулақ болудың маңыздылығы туралы ескертті. Бұл іс-шараға «Психикалық денсаулық орталығының» нарколог-дәрігері, «Жастар ресурстық орталығының» маманы қатысты. «Шымкент медресе колледжінде» өткен кездесуде нашақорлықтың, психикалық белсенді заттарды қолданудың алдын алу тақырыбы қозғалды. Шымкент қаласының полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі полиция майоры Бауыржан Карбеков жастарға есірткінің заңсыз айналымына қатысудың құқықтық салдары, жаңа психоавтивті заттардың таралуы жөнінде толыққанды мәліметтер беріп, одан аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығын түсіндірді. Сондай-ақ интернет-дүкендердің әкімшісі болу және есірткі жасыруға қатысқаны үшін қылмыстық жауапкершілік бар екенін ескертті. Іс-шара соңында студенттер түрлі сауал қойып, еркін пікір алмасты. Тағы бір кездесу «Индустриалды техникалық колледжінің» ғимаратында өтті. Оған Шымкент қаласының полиция департаментінен Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі полиция майоры Бауыржан Карбеков қатысты. Ол студенттерге есірткінің зияны, оның адамға алып келер зардабы жайлы баяндап, есірткі қылмысын жасағандарға қатысты қолданылатын жаза түрлеріне де тоқталды. Есірткіге құмарту өз өміріне ғана емес, қоғамға зияны тиетінін айтып, жастарға жөн сілтеді. Мамандар өздерінің білімдері мен тәжірибелерімен бөлісіп, өз жұмыстары туралы, өздерін және жақындарын қорғау үшін заңды білу қаншалықты маңызды екендігін айтты. Осы мақсаттағы кезекті іс-шара «Энергетика және байланыс колледжінде» жалғасты. Оған қатысқан Шымкент қаласының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі полиция майоры Бауыржан Карбеков жастар арасында есірткі қолданудың және нашақорлықтың алдын алу бойынша арнайы ақпараттық-түсіндірмелік жұмыстар жүргізді. Сонымен қатар, есірткінің заңсыз айналымына қатысудың құқықтық салдары, жаңа психоавтивті заттардың таралуы жөнінде толыққанды мәліметтер беріп, одан аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығын атап көрсетті.
Полиция қызметкерлері ата-аналардың да балаларды қараусыз қалмауын, қай жерде жүргенін қадағалап отыру керектігін ескертеді.